Бұл
туралы
ұлттық нышанымыздың- Мемлекеттік тудың
авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: «Мемлекеттік туға арналған
байқауға көп жоба түсті. Іріктеуден өткен соңғы төрт жоба коммисияның
шешімімен Жоғарғы Кеңестің талқысына ұсынылды. Əрине, ту төңірегіндегі әр
түрлі пікірлердің, ұсыныстардың болғаны рас: біреулер жалаудан сегіз бұрышты
жұлдызды көргісі келетінін, келесілер і қазақтың киелі дүниесі- шаңырақты салу
қажеттілін алға тартты. Дегенмен бұл ұсыныстар менің көңілімнен шықпады.
Өйткені сегізбұрышты жұлдыз Əзірбайжанның жалауында бейнеленген еді. Және
басқа да мемлекеттердің нышанында болатын. Ал шаңырақты біздің алдымызда
ғана қырғыз бауырларымыз қабылдағантұғын. Сондықтан бұл екеуінің қай-
қайсысын да қайталап жату артық болар еді. Сөйтіп, өзгеше жоспар жасауға
бекіндім. Байқаудың аяқталуына үш күн қалғанда жаңа жалау жобасын жасауға
кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмады. Сонымен соңғы
жасаған жоба жұрттың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды.»
Қазақстанның Мемлекеттік р әміздерін шетелдік мамандар жоғары бағалағаны
кездейсоқ емес. Бонна қаласындағы вексикология халықаралық ғылыми-зерттеу
институтының директоры Р. Климеш былай деп жазды: "Сіздің мемлекеттік
Туыңыз өте жақсы. Мен оны алғаш рет теледидардан Барселонадағы Олимпиада
ойындарының ашылуында көрдім". Басқа да танымал заң мамандарының пікірлері
осы оң бағалаумен сәйкес келеді.
Қорытындылай келе айтарым, бұл тақырыптың өзектілігі мемлекеттік
рәміздердің азаматтардың патриотизмін дамытудағы және мәдени-тарихи жадыны
сақтаудағы маңыздылығымен анықталады. Шын мәнінде, Рәміздер - әр елдің
мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің көрінісі. Мемлекеттік рәміздер бірегей құбылыс
ретінде терең тарихи тамырларға ие және өркениеттің дамуымен тығыз
байланысты. Оның пайда болуы, қалыптасуы және сақталуы маңызды әлеуметтік,
ақпараттық және мәдени функцияларға байланысты.