Мəдени-тарихи мұрадағы жəне патриотизмді қалыптастырудағы саяси
рəміздердің маңыздылығы»
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев өз
сөздерінде: «Мемлекеттік рəміздер — барлық уақытта жəне барлық халықтарда
мемлекеттілік пен тəуелсіздіктің ауқымды жəне шоғырланған бейнесі. Бізде керемет,
идеялық бай Елтаңба, Ту жəне Гимн бар» деп айтқан еді.
Елдің тəуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігінің бір көрінісі ретінде саналатын мемлекеттік
рəміздер рухани, саяси-адамгершілік салаларының дамуына септігін тигізеді жəне
біртұтас мемлекеттің ұлттық нышаны, тірегі ретінде танылады.
Мемлекеттік рəміздер саяси мəдениет пен халықтың мəні туралы ақпаратты қамтиды,
қоғамның жəне өз Отанының патриот азаматының саяси санасының қалыптасуына
əсер етеді. Осы тұста тағы да елбасымыздың сөздерін айтып кеткім келіп тұр:
«Еліміздің қазіргі заманғы мемлекеттік жəне саяси рəміздері қазақ халқы мен
республиканы мекендеген ұлт өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қоғамның ескі, тозған
атрибуттарын алмастыруды ғана білдірмейді.
Бұл республиканың демократиялық жəне құқықтық мемлекет құруға, тұлғаның
егемендігі қағидаттарына, оның этностық əр алуан халқының бірлігіне негізделген жаңа
қоғам құруға түбегейлі бет бұруының айғағы», – деп Н.Ə. Назарбаев жаңа мемлекеттік
рəміздерді қабылдау рəсімінде атап өткен еді. Мемлекеттік рəміздерді ресми бекітудің
өзіндік саяси тарихы бар.
Елтаңбамызды, Туымызды жасауға, Əнұран музыкасы мен мəтінін жазуға еліміздің ең
құрметті адамдары қатысты. Қазақстанның Мемлекеттік рəміздерін шетелдік мамандар
жоғары бағалағаны кездейсоқ емес.
Əнұран — салтанатты əн, мемлекеттік негізгі рəміздердің бірі. Əнұрандардың
революциялық, əскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух
көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек. Мамандар
Мемлекеттік əнұран əуенінің музыкалық жарасымын, жанға жайлы əсерлілігін жəне
өзгеше оптимистік рухтағы өршілдігін бөле — жара атайды. Шəймерденов.Е.Ш. «ҚР
Мемлекеттік Рəміздері» еңбегінде белгілі музыка білгірі Н.Кетегенованың пікірін
көрсетеді: “ол асқақ та мағыналы дəстүрлі халықтың лиро-эпикалық интонацияларын
бойына жиған туынды, сонымен бірге онда музыкаға қайрат пен салтанаттылық сипат
беретін осы заманғы жаңа əуендер-динамикалық кварталық серпіндер де бар” деген
пікірінде Əнұранның ұлт үшін, ұлт болашағы үшін жəне жастар рухын көтеруде
қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, жарқын болашаққа деген сенімділік нышаны
бола алатынын дəлелдейді.
«Əнұран өзара ынтымақ пен келісім тəрізді аса маңызды жалпыадамзаттық
құндылықтарға негізделген. Оның өнбойында қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен
тəуелсіздігі идеялары анық та айшықты көрініс тапқан» деп «Елтаным» кітабында
əнұранның абыройын асқақтатады.
«Халықтың қуаты бірлікте!» Қазақстан халқының тəуелсіздік алған алғашқы жылдары
біздің əнұранымыз осылай шырқайды. Өлеңнің бірінші шумағы жаңадан егемендік
алған Қазақстанның осы күнді аңсап жеткендігі, тəуелсіздікке жету жолында жалындап
жанғанымызды сөзбенен, əуенменен жүрекке жеткізеді. Екінші шумағында
Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін, барша ұлттың тату тəтті екенін айта
отырып, бауырмал екенімізді жеткізеді. Бірлікке, татулыққа шақырады. Үшінші шумақта
талай тағдырды бастан өткерген Қазақстанның болашаққа қарай нық қадам басқанын
жырлайды.
Eл Əнұранын өзгерту мəселесі оқтын-оқтын баспасөз беттерінен айтылып жүрді жəне
2001 жылы Парламент отырысында көтіріле бастады. Сол кездері сөзін Елбасы
Н.Ə.Назарбаев жазған, сазын Б.Тілеухан шығарған «Елім менің» əнін ҚР Мемлекеттік
Əнұраны етіп бекіту мəселесі көтереліп, тек Президенттің Парламентке жазған хаты
əнді талқылауды тоқтатқан еді.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның
авторлары – белгілі сəулетшілер Жандарбек Мəлібеков пен Шотаман Уəлиханов.
Елтаңбаны жасаудағы басты мағынасы елдің дəстүрі мен тарихынан сыр шертеді, ол
əлемнің тұтастығы туралы, бейбітшілік жайлы жəне республикада тұрып жатқан
халықтардың ынтымақтастығы туралы түсінік береді. «Қара шаңырақ символы» —
елдің Елтаңбасының идеясы мен мағынасын осы сөздер дəл сипаттай алар еді.
Елтаңба пішінінің дөңгелек болуы кездейсоқ емес, себебі бұл пішінді көшпенділер
ерекше бағалаған. Бұл өмірдің, мəңгіліктің белгісі. Кеңістігінде көптеген символдар
біріккен дөңгелек біруақытта ғарыш пен еліміздің бірлігін бейнелейді.
Елтаңбада бар 40-тан астам символдың өз атауы мен өзіндік мағынасы бар. Оның
басты құраушы бөлшегінің бірі саналатын Шаңырақ — киіз үйдің жоғарғы күмбезі
тəрізді бөлігі. Көшпенділер киіз үйдің ішінде жатып, түндікті түріп қойып, Шаңырақ
арқылы аспандағы жұлдыздарды тамашалаған. Шаңырақ — кең түсінікте ғалам секілді
əлем символы. Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі — елді
мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының
символы.Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне
байланысты секілді, Қазақстанда бақытқа жету əрбір азаматтың аман-есендігіне
байланысты. Шаңырақ, қазақтардың түсінігінде үлкен символикалық мағынаға ие.
«Шаңырағың биік болсын!» деп тілек айтқанда, барлық халықтың үйлер мен елдердің
амандығын тілейді. Шаңырақтың пішіні дөңгелек. Дөңгелек ежелден ірілікті, татулықты
жəне дүниенің үйлесімді тұтастығын білдіреді.Мемлекеттік ту – егемендік пен
біртұтастығымызды білдіретін негізгі ұлттық рəміздеріміздің бірі. 1992 жылғы 6
маусымда мемлекеттік рəміздерді ресми түрде пайдалану салтанаты өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясы мен Жоғарғы Кеңестің ғимараты
үстіне Мемлекеттік Ту тігіліп, Елтаңба орнатылды. Ал 1996 жылғы 24 қаңтарда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы қабылданды. Мемлекеттік Тудың
аспан тектес зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес.Қазақстанның Мемлекеттік
рəміздерін шетелдік мамандар жоғары бағалағаны кездейсоқ емес. Бонна қаласындағы
вексикология халықаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Климеш былай
деп жазды: «Сіздің мемлекеттік Туыңыз өте жақсы. Мен оны алғаш рет теледидардан
Барселонадағы Олимпиада ойындарының ашылуында көрдім». Басқа да танымал заң
мамандарының пікірлері осы оң бағалаумен сəйкес келеді.
Қорытындылай келе айтарым, бұл тақырыптың өзектілігі мемлекеттік рəміздердің
азаматтардың патриотизмін дамытудағы жəне мəдени-тарихи жадыны сақтаудағы
маңыздылығымен анықталады. Шын мəнінде, Рəміздер — əр елдің мемлекеттілігі мен
тəуелсіздігінің көрінісі. Мемлекеттік рəміздер бірегей құбылыс ретінде терең тарихи
тамырларға ие жəне өркениеттің дамуымен тығыз байланысты. Оның пайда болуы,
қалыптасуы жəне сақталуы маңызды əлеуметтік, ақпараттық жəне мəдени
функцияларға байланысты.
Мемлекет басшысы жастар алдында сөйлеген сөзінде: «Жарлықпен мен 4 маусымды
Қазақстанның Мемлекеттік рəміздері күні деп бекіттім. Мемлекеттік рəміздер күні əрбір
қазақстандық отбасында атап өтілетін бүкілхалықтық сүйікті мерекелердің біріне
айналатынына сенімдімін» деп бекерден айтпаған. Себебі Мемлекеттік рəміздер жеке
тұлғаның патриоттық жəне азаматтық қасиеттерін қалыптастырудың қуатты факторы
болып табылады.
Бұл процесс осы елдің азаматының бала кезінен басталады- алдымен отбасында,
содан кейін бала-бақшаларда, мектепте, оқу орындарында, еңбек ұжымдарында,
қоғамда жалғасады, яғни ол үздіксіз. Патриотизмді қалыптастыру кез келген уақытта
жəне кез келген мемлекет үшін өзекті жəне бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Қазақстанның Мемлекеттік рəміздері-бұл біздің еліміздің тəуелсіздігі мен өзіндік
ерекшелігі идеяларының іске асуы, олар азаматтарға мемлекет негіздеріне құрметпен
қарауды, Отанға деген сүйіспеншілікті тəрбиелеуге ықпал етеді жəне қазақстандық
патриотизмді қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Ойымды Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Мемлекеттік
рəміздер — біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар
тəуелсіздіктің біртұтас қасиетті бейнесін білдіреді. Өйткені біз Тəуелсіздік пен
Мемлекеттілікті ұлтты сақтаудың алғашқы негізі, ең зор құндылық ретінде
қабылдаймыз.»
Достарыңызбен бөлісу: |