1-стратегиялық бағыт. Тарихи- мәдени мұраны сақтау мен насихаттау Қолданыстағы заңнаманы сақтау мақсатында мәдени мұра объектілерін мемлекеттік қорғау саласында келесі жұмыстар жүргізілді.
Отырар, 1/2, 1/3 мекенжайында орналасқан (қазіргі Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры ғимаратының қойылым цехы) «Бұрынғы мұсылман мектебі» ХІХ ғасырдағы архитектура және қалақұрылысы ескерткішіне жөндеу-реставрациялау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасалды. «2020 Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аталған ескерткішке жұмыстар жүргізу үшін 2014 жылы 50,1 млн. теңге қаражат бөлініп, қараша айында игерілді. 2015 жылы 123,1 млн. теңге қарастырылды. Ғылыми-реставрациялау жұмыстары «Астана Көкше» ЖШС кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Жергілікті маңызы бар 1954 жылғы ескерткіш «Теміржолшылар сарайы» жөндеу-реставрациялау жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасалды және осы жылы кесте бойынша ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде, мемлекеттік сатып алу бойынша байқау жеңімпазы «РемДорСтрой» ЖШС. Шарт сомасы 95,8 млн. теңгені құрайды.
Жергілікті маңызы бар XIX ғасырдың соңындағы «Қала басқармасының ғимараты» (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әкімшілік ғимараты) тарих және мәдениет ескерткішіне 476, 7 млн. теңге сомада жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасалды.
XIX ғасырдың тарих және мәдениет ескерткіші «Жасыл мешітті қоршау» жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 12,3 млн. теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай қорындағы және мемлекеттің меншігі болып табылатын бірегей экспонаттарды сақтау мақсатында оларды реставрациялау жүргізілуде.
Осы мақсатта Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешеніне 2014 жылы бөлінген 970 мың.теңгеге 11 мұражайлық экспонатқа реставрациялау жұмыстары орындалды.
2014 жылы Қазіргі заманғы өнер мұражайына 29 мұражайлық экспонат бойынша реставрациялық жұмыстар жүргізуге 4,2 млн.теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта реставрациялық жұмыстар толықтай 5 мұражайлық экспонатқа, 2 экспонат бойынша – 30 % -ға жасалды, бөлінген қаражаттың 995,5 мың теңгесі игерілді. Қалған 3,3 млн. теңге Қазіргі заманғы өнер мұражайы қорының «Астана» Ұлттық картина галереясына берілуіне байланысты игерілмеді.
Сәкен Сейфуллин мұражайы 2014 жылы бюджеттен бөлінген 1,6 млн. теңге қаражатқа 9 мұражайлық экспонатқа реставрация жасады.
«Атамекен» «Казахстан картасы этно-мемориалдық кешені 2014 жылы бөлінген 20 млн. теңге бюджет қаражатына 200 мұражайлық экспонатқа реставрация жүргізді.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне сәйкес, Мәдениет басқармасы мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығын беру қызметін көрсетеді. 2014 жылы уақытша әкету құқығына 6 куәлік рәсімделді, сондай-ақ мәдени құндылықтар бойынша 185 сараптама қорытындысы берілді.
2014 жылы өткен келесі іс-шаралар тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратуға мүмкіндік туғызды.
Мұражайлардың топтамалары мен экспозициялары негізінде бірқанша жұмыстар атқарылды: стационарлық және жылжымалы көрмелер, экскурсиялар және дәрістер, мұражайлық мерекелер. Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазіргі заманғы өнер мұражайында елорда тұрғындары мен қонақтарына 873экскурсия, 114дәріс және 60 көрме ұйымдастырылды, көрмеге 86226 адам келді.
С. Сейфуллин мұражайында 876 экскурсия, 21 көрме ұйымдастырылып 14190 адам келді.
«Атамекен» Қазақстан Картасы Этномемориалдық кешенінде 1858экскурсия, 10 дәріс өткізіп, 34 796 адам келді.
«АЛЖИР» мұражайында 1000 экскурсия, 61 дәріс және 42 көрме өтіп, 18 800 адам келді.