Мәдениет құбылысының толық және табысты зерттеу үшін жеткізу немесе типология әдістері қолданылады



Дата07.02.2022
өлшемі17,2 Kb.
#84539
түріҚұрамы
Байланысты:
Мәдениет құбылысының толық және табысты зерттеу үшін жеткізу немесе типология әдістері қолданылады


Мәдениет құбылысының толық және табысты зерттеу үшін жеткізу немесе типология әдістері қолданылады. Мәдениет типологиясы – ғылыми таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйешелер мен объектілерді және олардың топталуын қорытындылаған, идеяланған үлгінің немесе тектің көмегімен бөлшектеу жатыр.
Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әр түрлі объектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғалымдар бірыңғай «құрылым жоспарын» іздеумен әуестене бастаған XVIII-XIX ғасырларда кең қолдана бастады. Н.Я. Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А. Тойынбидің мәдени- тарихи мектептері зерттеуді осы бағытта жүргізді. Марксизм өз жүйесін қоғамның экономикалық үлгілерінеқұрып, оның негізгі өндіріс қабілетінің өлшемін алды. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебер идеялық үлгілерді құрудың әдісін әзірледі. Нақты өмір сүрмейтін, атап айтқанда, абстрактылы, «таза түріндегі» мәдениетің типологиялық моделі ретінде мәдениет типологиясының мәнін, тетіктерінің құрылымын М.Вебер толық қарастырды.
Мәдениеттерді типологияландыру немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, яғни мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық- танымдық амалдардың көмегімен жүзеге асады.
Мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінген жалпы маңызды сипаттамалар ретіндегі негізлердің өздері әр түрлі бола алады. Олар мыналар:

  • этнографиялық критарийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, тіл және т.б. көрініс таба алады);

  • мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістік- географиялық критерийлер: батысеуропалық, латынамерикандық, қиыршығыстық, африкалық, сібірлік т.б.;

  • төмендегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық- уақыттық: алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық мәдениет, қайта өрлеу мәдениеті, ағартушылық мәдениеті, жаңа заман мәдениеті, модернистік мәдениет, постмодерн т.б.

Мәдениет типологиясын анықтайтын басқа маңызды логикалық-танымдық тәсілге осындай жіктемелік құрастырудың танымдық мақсаттарын, міндеттерін анықтау жатады. Зерттеулік танымдық міндеттер оларды мәдениеттің осы жіктемесінің негіздерісапасында таңдап алынатын сипаттамалардың жиынтығын анықтайды. Сондықтан, міндетті орындардың бірнеше негіздері бола алады, ол осыдан мәдениеттерді типологияладырудыңкритерийлері де бірнешеу болады.
Белгілі отандық мәдениеттанушы Э.А. Орлова мәдениеттерді ойлаудың негізгі формалардың функционалдық рөлі және жүзеге асыру тентіктері критерийлері бойынша топтастырды. А.Е. Глебов осы негізде мәдениеттің екі типін атап өтеді: олардың бірі – абстрактылық басымдылығы, басқасы — ассоциативтік ойлау формаларының басымдылығы. Осыған сәйкес, бірінші типте әмбебаптықтың, концептуализацияның, жалпылаудың, генерализацияның үстемдік етуіне иеміз, ал екіншісінде – партикумеризмнің, яғни қайталанбайтын жеке-дара, ерекше мәдени сипаттамалардың басымдық танытатынын көреміз. Әмбебаптың мәдениетті анықтамағандық төмен деңгейімен сипаттайды, еуропалық абстрактылы бейнелеу өнерін қытайлық немесе жапондықпен салыстырыңыз. Ол сол немесе басқа мәдениетке мәселенің шешімін таңдау қалай жүзеге асатынын, ненің негізінде және қандай сапада ақпарат іріктеліп алынатынын, жағдайдың қалай анықталатынын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет