Мәдениет феномені ретіндегі өнердің ерекшелігі. Өнердің генезисі



бет2/2
Дата12.02.2022
өлшемі23,64 Kb.
#131609
1   2
Байланысты:
Документ (19)
Around the house1, Еуропа 14апта, Еуропа 14апта, 9 ТАРИХ ҚМЖ, 9 ТАРИХ ҚМЖ, Жанел Азия 13 апта, Болатова Айжан, Tarikh 2, 2 5226984454886527241, Глоссарий 10, СӨЖ
Мораль — қоғамдық сананың бір формасы. Дін, құқық, өнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір.
Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мән берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сәті — адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі. Сондықтан діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердегі адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз.
Буддизм рухты мәңгі деп танитын дін. Ол адам өмірінің мәнін не біржақты қызық қуып, ләззат алудан да (гедонизмнен), не біржолата өмірден безініп, тәнін азаптаушы тақуалықтан да (аскетизмнен) таппайды. Өмірдегі ең биік мұратты нирванадан, яғни бүкіл сыртқы дүние әсерлеріне бейтарап, транстық халден тапқан буддизм оған жетудің сегіз жолын көрсетіп, өмірдің төрт анығы, ақиқаты туралы айтады.
Төрт анық мына төмендегілер:

Өмір дегеніміз — азап;азаптың себебі бар, ал азаптың көзі — адамның қалау-тілеуінде, ниетінде;азаптан құтылу мүмкін, ондай болмыстың өзімен-өзі тендескен бақытты күйін «нирвана» деп атайды;азаптан құтылу жолы бар, ол жол — «ортадағы тура жол» деп аталады да, оның мәні адам қалауын төрк етуде болып табылады



Ибраһимдік (аврамдық) діндердің ең көнесі болып табылатын иудаизм (жөһит діні), одан кейін христиан діні мен ислам келеді. Бұл дін бойынша жөһиттер (еврейлер) Яхвемен анттасқан, Жаратқанның артықша туындысы, таңдаулысы деп танылады. Яхудийлер Моисейдің декалогымен, яғни он қағидасына бағынышта өмір сүреді. Олардың алғашқы үшеуі Яхве Құдайды құрмет тұтуды талап етеді. Христиандық дін — сүйіспеншілік, төзім діні. Христиандық қасиетті үштік — сенім, үміт және сүйіспеншілік бұл діннің мораль мәселелерін қаншалықты жоғары қойғандығын көрсетеді. "Құдай патшалығы өз ішіңде!" деген сөзде терең мағына жатыр. Күнделікті өмірде ақ пен қара қалай аралас жатса, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен зұлымдық та солай біте қайнасып кеткен. Ал христиан дінінің орталық сенімі бойынша апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бұл күйден арылады. Өйткені жақсы — жақсылық ретінде, жаман — жаманшылық ретінде басын ажыратып, өз жауабын тартады. Сол күйге адамдарды алдын ала даярлау үшін адамзатқа мессия — Иса келді деп есептеледі. Адам-Құдай өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап келе жатқан қиямет-қайымға адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы осы күнәкар әлемге жіберілген.
Ислам діні де христиан діні сияқты ұлтшылдықты, нәсілшілдікті жақтамайды. Құдай алдында, адам алдында таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары тұрады. Өзінің түбірлес діні — христиандық сенім сияқты ислам да бейбітшілік, татулық, тыныштық діні. Ол кешірімділік пен хош көрушілікті уағыздайды.
Исламның этикалық тұрғыдан қарастырғандағы өзгешелігі — оның адамгершілік құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен (діни рәсімнен, әдет-ғұрыптан, құкықтан) бөліп-жармай, бірлікте қарастыруы. Адамгершілік құлық нормалары Құранда жүйеленбеген. Онда жасауға болмайтын, яғни «харам» болып саналатын нәрселер бар; жасалуға тиісті нәрселер жиынтығы — «халал» бар; адам өмірінің белгілі бір сфераларын (неке, мұрагерлік, т.б.) реттеуші нормалар, нақты ахлактық ұғымдар (әділдік, мейірімділік, ұят, жомарттық және т.б.) келтірілген.
Ислам діні де христиан діні сияқты ұлтшылдықты, нәсілшілдікті жақтамайды. Құдай алдында, адам алдында таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары тұрады. Өзінің түбірлес діні — христиандық сенім сияқты ислам да бейбітшілік, татулық, тыныштық діні. Ол кешірімділік пен хош көрушілікті уағыздайды.
Исламның этикалық тұрғыдан қарастырғандағы өзгешелігі — оның адамгершілік құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен (діни рәсімнен, әдет-ғұрыптан, құкықтан) бөліп-жармай, бірлікте қарастыруы. Адамгершілік құлық нормалары Құранда жүйеленбеген. Онда жасауға болмайтын, яғни "харам" болып саналатын нәрселер бар; жасалуға тиісті нәрселер жиынтығы — "халал" бар; адам өмірінің белгілі бір сфераларын (неке, мұрагерлік, т.б.) реттеуші нормалар, нақты ахлактық ұғымдар (әділдік, мейірімділік, ұят, жомарттық және т.б.) келтірілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет