Мәдениет интеграциясы мен локализациясы


Боас және мәдени эволюция сынау



бет4/5
Дата11.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#111204
1   2   3   4   5
Байланысты:
ӨСӨЖ 2 МӘДЕНИЕТТАНУ

Боас және мәдени эволюция сынау

Боас барлық қоғам атаулының өткені мен болашағына қатысты қолданылатын біртұтас мәдени - эволюциялық формуланы мойындамайтын, бірақ нақты мәдениет тұрғысынан алғанда эволюция идеясын да, оның кейбір салаларындағы, мысалы технология тұрғысындағы шектеулі прогресс тұжырымдамасын да жоққа шығарған емес. Сонау 1908жылы-ақ ол: "Қатаң сынға алынғанына қарамастан, көптеген ежелгі теориялар біршама нанымды көрінеді, ал, оларға сәл басқаша тұрғыдан келіп, өркениеттің дамуына жекешілдік көзқарасты күшейтер болсақ, олардың қажет екендігіне көз жеткізуге болады",— деп жазды.

Боас, әсіресе, мәдениеттің дамуы міндетті түрде қарапайымнан күрделі қарай бағыт алады деп тұжырымдады және осындай дамудың кейбір кезеңдерінен прогресті көретін тұжырымдамаға өршелене қарсы шықты. Эволюция прогресс өлшемі міндетін атқараалатын мәдени дамудың әмбебап сызбасын түзу әрекетіне қарсы қимыл ретінде ол нақтыбір аймақтардағы жекелеген мәдениет пен мәдени диффузияның (араласудың) белгілерінзерттеуге бой ұрды. Сөйтіп, оның көзқарасы бойынша, тарихтың өзі шектеулі мәнге ие,яғни ол бүкіл адамзатқа ортақ мәдениеттің емес, тек жекелеген қоғамға тән мәдениеттің ғана тарихы деген қорытынды шығады. Сонымен қатар, ол антропологияны да адамзат мәдениеті мен оның жекелеген кезеңдерінің эволюциясын зерттеу емес, өзіндік толыққанды бірлік болып табылатын жекелеген мәдениеттерді зерттеу деп таныды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет