Ауқымды морфологиялық мағынада мәдени эволюцияның әмбебап кезеңдері— тарихи мәдениеттердің тарихқа дейінгі және алғашқы қауымдық жағдайдан неғұрлым дамыған жағдайларға өтуі туралы айтуға болады. Бірақ, бұл дамудың бірдей кезеңінде тұрған мәдениеттердің бәрінің белгілері мен институттары да бірдей болады деген сөземес. Егер принципті тұрғыдан алғанда, мәдени алуан түрлілік болуы мүмкін десек, бұл қағиданы мәдени дамудың барлық сатыларына да қолдануымыз керек. Біз өз таңдауымызды бір кезеңдегі мәдени белгілер мен институттарды толық шендестірумен де,мүлдем ұқсамайды деген тұжырыммен де шектемеуге тиіспіз. Қазіргі мәдениеттердің басты институттарынан өзара ұқсастықты да, алшақтықты да көре тұрып, оларды тарихқадейінгі, алғашқы қауымдық мәдениеттерден де іздестіруіміз керек. Кеңістік пен уақыттыжәне әлеуметтік факторларды ескерместен, мәдени дамудың бұл кезеңіндеморфологиялық тұтастық болды деген пайымдаудың негізінде оған тон белгілер менпроцестер субстанциялық тұрғыдан толық ұқсас болды деп қорытынды жасау да дұрысболмас еді. Дамудың бұл кезеңіндегі мәдениет тарихының бірдей жолдан өтуі туралыгипотеза бізге негізсіз болып көрінеді және оны "эволюция адасу" деп атауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер.
Ғабитов Т. «Мєәдениеттану» Алматы,2002
Ғабитов Т. «Философия» Алматы,2004
Кішібеков Д. «Философия» Алматы,2005
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. «Философия» Алматы,2011.
Құлсариева А. «Мәдениеттану негіздері» Алматы,2002