ГЛОССАРИЙ
ГЛОССАРИЙ- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың түсініктемелері берілген
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Қосетек
|
волан
|
Shuttlecock,flonce
|
Сырып тігу
|
Вытачка
|
Tuck
|
дизайн
|
Дизайн
|
Design
|
Шаршаулау
|
Драпировка
|
drapes
|
кокетка
|
Кокетка
|
Flirt
|
Құрама
|
Комплект
|
Kit,set
|
Композиция
|
Композиция
|
Composition
|
Костюм
|
Костюм
|
Suit
|
Лекало, даяр үлгі,қисық сызықтарды сызатын сызғыш
|
Лекало
|
French curve
|
Көкірекше
|
Лиф
|
Bodice
|
өңдеу,тегістеу,құрастыру
|
Моделирование
|
Modeling,simulation
|
Үлгіөрнек
|
Модель
|
Model
|
Модуль
|
Модуль
|
Module
|
Метр
|
Метр
|
Metre
|
Бүрме
|
Оборка
|
Flounce,ruffle
|
Киім
|
Одежда
|
Cloth
|
Үлгіпішін
|
Покрой
|
Cut
|
Қосу,үстеу
|
Прибавка
|
Gain
|
Реглан
|
Реглан
|
Raglan
|
Силуэт
|
Силуэт
|
Silhouette
|
Стиль
|
Стиль
|
Style
|
Форма
|
Форма
|
Form,shapp
|
Эскиз,нұсқа
|
Эскиз
|
Outline
|
Қосымша,үстеме
|
Прибавка
|
Gain
|
Мөлшер,шама,көлем
|
Размер
|
Size,amount
|
Функция
|
Функция
|
Function
|
әдеп
|
Эстетика
|
Aesthetics,esthetics
|
Ақпарат
|
Информация
|
Information
|
Қорғаныс
|
Защита
|
Protection,defense
|
өндіріс
|
Производство
|
Prodaction
|
Маусым
|
Сезон
|
Season
|
Топтастыру
|
Классификация
|
Categorization
|
Түр
|
Вид
|
Type
|
Трапеция
|
Трапеция
|
Trapezoid
|
4. Пәннің оқу - әдістемелік қамтылу картасы.
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Куренова С.В. Конструирование одежды. Ростов н/Д:Феникс,2003г.
|
5
|
=
|
25
|
-
|
|
Янчевская Е.А. Конструирование одежды.М.:Издательский центр «Академия»,2005г.
|
3
|
-
|
20
|
-
|
|
Булатова Е.Б. Конструирование и моделирование одежды./2-е изд.Стер.-М.:2004г.
|
1
|
-
|
10
|
-
|
|
Смирнова Н.И. Проектирование конструкций швейных изделий для индивидуального потребления – М.:Форум ИНФРА-2005г.
|
1
|
-
|
10
|
-
|
|
Раслякова Т.А. Дамский пиджак и пальто.Конструирование.Моделирование.Технология пошива-Ростов н/Д.:2000г.
|
5
|
-
|
25
|
-
|
|
Можчиль Н.Е. Закройщик легкой женской одежды.-Ростов н/Д:Феникс,2001г.
|
5
|
-
|
25
|
-
|
|
Зевакова Л.Н. Закройщик верхней женской одежды. Ростов н/Д:Феникс,2003г.
|
4
|
-
|
22
|
-
|
|
Зевакова Л.Н. Закройщик верхней женской одежды.-Ростов н/Д:Феникс,2001г.
|
3
|
-
|
20
|
-
|
|
5. Лекциялық кешен:
1 апта
1 кредит саны
№ 1 дәріс
Тақырып: Балалар киімінің көркемделуі және үлгілерінің принциптері
Мақсаты: Студенттерді балалар киімімен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
Кіріспе.Курс мазмұны мен міндеттері
Көркемдік үлгілеу.
Балалар киіміне қойылатын талаптар: мыңжылдықтар бойы балаларды, ересектерді сияқты киіндіріп келді. Балалар костюмі кішірейтілген ересектер костюміне ұқсайды. Жалғыз айырмашылық кішкнтай балалардың киімі ластанбас үшін алдына киілетіні болады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 24 стр.
2 кредит саны
№ 2 дәріс
Тақырып: Дизайнер шығармашылығындағы образды ассоциативтік негіздер.
Мақсаты: Студенттерді негізгі түсініктер және терминдермен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Киім және оның функциясы.
2.Костюм және оның функциясы.
Қазіргі заманға сай киімді шығара от ырып, оның тек қана ыңғайлығын, іскерлігік экономикалық көрсеткіштер жағынан да көңіл бөлмей, сонымен қатар эстетикалық сапасында ескеру керек.Суретші- сәнгерге жобаланып жатқан костюміне жай ғана тұрмыстық зат емес бұл ең алдымен әлем құралынан көркемі.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 24 стр.
3 кредит саны
№ 3 дәріс
Тақырып: Көкірекшені модельдеу.
Мақсаты: Студенттерді дизайндағы жобалаумен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Предпроектілік анализ.
2.Композиция.
3. Проектирование
Көкірекшені белгілегенде біз оның қалай орналасқанына мән береміз: Себебі ол әр адамда әрқалай орналасады. Көкірекшені қағазға түсірер алдында оны жобалау керек.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 24 стр.
2 апта
4 кредит саны
№ 4 дәріс
Тақырып: Құрастыру үлгілерінің әдістері.
Мақсаты: Студенттерді сән тақырыбымен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Бүкпені ауыстыру.
2.Бүкпені рельефке ауыстыру.
3.Бүкпені қиықпен ауыстыру
Базалық торда үлгілерді өзгертудің 4 түрі бар:
1-түрі. Жаңа үлгідегі киім силуэтінің бүкпесін ауыстыру, жаңа қатпарлар салу бүрмелер арқылы өзгертіледі.
2-түрі. Жаңа үлгіні жобалау кезінде силуэт негізі өзгереді.
3- түрі.Жаңа үлгіні өзгерту үшін қондырма жеңді бұйым басқа басқа жең түрлерімен өзгерту реглен тұтас пішілген немесе аралас.
4- түрі. Жаңа үлгінің сызбасы.
Әдебиет. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.
5 кредит саны
№ 5 дәріс
Тақырып: Иықты бұйымның бүкпесіз графикалық әдіспен құрастырылуы
Мақсаты: Студенттерді киім тарихымен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Алдыңғы бой жоғарғы кеуде бүкпесіз құрастырылуы.
2. Артқы бойдың бүкпесіз құрастырылуы.
Костюм тарихы адам тарихын және адам қауымының тарихын көрсетеді. Қоғамның әлеуметтік құрылысын, мәдениетін, техниканың дамуын, ел арасындағы тауар байланысы – барлығы белгілі кезеңдегі адамдардың киген костюмдарынан көрініп тұрды.
Әдебиет. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.
6 кредит саны
№ 6 дәріс
Тақырып: Бұйымның қосымша бөліктері
Мақсаты: Костюм композициясының құрылысы туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Артқы бойдың рельеф қиығын құрастыру.
Әдебиет. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.
3 апта
7 кредит саны
№ 7 дәріс
Тақырып: Бұйымның жоғарғы бөлігін құрастыру.
Мақсаты: Студенттерге композиция заңдары бойынша түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Алдыңғы бойдың иініш бөлігін құрастыру.
2.Артқы бойдың иініш бөлігін құрастыру
Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 94-95 стр.
8 кредит саны
№ 8 дәріс
Тақырып: Қондырма жеңнің құрастырылуы.
Мақсаты: Студенттерге тақырып бойынша түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Екі тігісті жеңнің құрастырылуы.
2. Бір тігісті жеңнің құрастырылуы
Тігін өнеркәсібінің әр бұйымына техникалық шарттар құрастырады. Үлгілерге жасалынған техникалық шарттар қажетті құжат болып табылады. Онда бөлшектерді пішуге және тігуге қойылатын талаптар бөлшектерді өлшеу табелі, бұйымдарды қабылдап алу, сақтау тасымалдау ережелері көрсетіледі.
Бұйымда өңдеуге қойылатын техникалық талаптар: ұсынылатын маталардың тізімі, пішілетін бөліктердің тізімі, бұйым өлшемдері мен үлгілер мәліметі. Қосымша: үлгілер комплектісі, үлгілер көлемінің кестесі, бұйымдарды пішу картасы, пішу схемасы, қосымша қолданылатын үлгілердің тізімі.
Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 111-113 стр.
9 кредит саны
№ 9 дәріс
Тақырып: Қондырма жеңнің құрастырылуындағы кемшіліктер.
Дәрістің мазмұны:
1. Технологиялық кемшіліктер.
2.Құрастырудағы кемшіліктер
Киімде кездесетін кемшіліктердің бәрі 3 түрге бөлінеді: мата кемшіліктері, конструкциялық және технологиялық өңдеу кемшіліктері.
Тоқыма кемшіліктері жіпті иірген кезде, тоқығанда және матаны әзірлеген кезде пайда болады.
Құрастыру кемшіліктері өлшемді дұрыс алмаудың, дұрыс пішпеудің, бұйымды құрастырғанда жіберілген қателіктерден пайда болады.
Технологиялық кемшіліктер өңдеудің техникалық шарттарын бұзудан, ылғалды-жылулықпен өңдеу тәсілдері мен тәртібін сақтамаудан, жұмыс орнында бюұйымға мұқият қарамаудан пайда болады.
Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 125-130 стр.
4 апта
10 кредит саны
№ 10 дәріс
Тақырып: : Қондырма жеңнің құрастырылуы
Мақсаты: Студенттерге киімді көркемді безендіру және үлгілеу принциптары бойынша түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Бір тігісті жең негізінде жоғарғы қиығы бар екі тігісті жеңнің құрастырылуы.
2. Бүрмелері бар жеңді құрастыру.
Бұйымды манекенге кигізіп, үстел үстіне жатқызып, белгілі бір ретпен сырттай қарау жолымен тексереді. Бөліктердің біріктірілу сапасын тексеру.
Кемшіліктерді шартты белгілер арқылы бормен көрсете отырып, өңдеу сапасын тексереді, негізгі және астарлық бөліктерді қарап шығады.
Тексеруді алдымен бұйымның оң бетінде - жағаны, өңірлерді, жотаны, жеңдерді, және әрлеу элементтерін жоғарыдан төмен қарай тексеріп шығады.
Форманың сапасын тексергенде мынадай параметрлерді бақылайды: форманың симметриялығын және жұптық бөліктердің дұрыс орналасуы; бөліктердің шет жақтарының біркелкілігі, жиектемелердің өңделу сапасы; қалталардың рамкалардың сапасын тексеру.
Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 131-143 стр.
11 кредит саны
№ 11 дәріс Қатпарларды құрастыру.
Мақсаты: Студенттерге киімді жобалау тақырыбы бойынша түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Қатпарларды қондырмада жобалау
2.Қатпарларды алдыңғы бойда жобалау
Адамның тұлғасына сәйкес бұйымға белгілі бір пішін беру. Тұлғаға дұрыс, қонымды болу үшін негізгі бөліктерге бүкпелер жасайды. Бүкпенің ені оның саны бұйымның қонымды болу тығыздығына байланысты. Бүкпелер орналасуына байланысты үстіңгі және бел сызығынан басталатын деп атайды. Үстіңгі бүкпелер иық тігсінен, мойын ойындысынан немесе бүйір тігісінен бастап орналасады. Бұл бүкпелер әйел адам киімдерінің негізгі бүкпелері болып табылады.
Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 146-151 стр.
12 кредит саны
№ 12 дәріс
Тақырып: Мойын ойындысының безендірілуі және қаусырманы құрастыру.
Мақсаты: Студенттерге костюмді жобалаудағы бірлескен жақындау.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны: Бір қаусырмалы лацканды жобалау.
2.Екі қаусырмалы лацканды жобалау
Тығыз жабысатын бұйымдардың бүкпе ені, жартылай жабысатын бұйымдарға қарағанда үлкен. Трапеция пішінді бұйымдарда бел сызығы бойынша бүкпелер жобаланбайды.
Өңдеу тәсіліне қарай қималы және қимасыз болып бөлінеді. Жеңіл көйлектерде белдемшелерде шалбарларда бүкпелер қимасыз болып келеді. Үлгісіне байланысты бүкпелер қатпарларға ауысуы мүмкін, бүкпені бүрмемен, бедерлі тігіспен ауыстыруға болады. Әйелдер бұйымындағы сырт киімдерде үстіңгі бүкпелер қималы болуы мүмкін, ал ерлер бұйымында бүйір жақтағы бүкпелер қималы болу мүмкін.
Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 154-168 стр.
5 апта
13 кредит саны
№ 13 дәріс
Тақырып: Бөліктердің паралель кеңейтілуі
Мақсаты: Студенттерге коллекцияны жобалау туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны: 1 . Жеңнің паралель кеңейтілуі.
2.Жеңнің шеткі бөліктерінің кеңейтілуі
Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 169-171 стр.
14 кредит саны
№ 14 дәріс
Тақырып: : Бөліктердің паралель кеңейтілуі
Мақсаты: Студенттерге костюм көокемдік жүйе ретінде тақыбын түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны: 1. Тік етектің негізінде етекті кеңейтіп жобалау.
2.Тік етектің негізінде тарылған етекті жобалау
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 33 стр.
15 кредит саны
№ 15 дәріс
Тақырып: Бөліктердің паралель кеңейтілуі
Мақсаты: Студенттерге сән және костюм туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Жоғарғы жағы әртүрлі объемді жеңді құрастыру
2.Етегіне қарай кеңейтілген жең.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 144-146 стр.
6 апта
16 кредит саны
№ 16 дәріс
Тақырып: Жағалар
Мақсаты:Студенттерге жағалар туралы түсінік беру
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Қайырма тік жаға.
2.Қайырма жаға
. Тордың ұзындығы кеуде шеңберінің үштен бір бөлігінен 2см артық, ені- 8 см болуы керек.
Тордың ені қақ бөлінеді. Тордың жоғарғы және орта сызықтары оңға қарай 2 см, ал төменгі сызығы 2,5см ұзартылады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 167-172 стр.
17 кредит саны
№ 17 дәріс
Тақырып: Жағалар.
Мақсаты:Студенттерге жағалардың түрлерін көрсету.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Қайырма сүйірме жаға
2.Сүйір тік жаға.
Тордың жоғарғы жағы оңға қарай 3-4см-ге ұзартылады. Табылған нүкте төменгі жағымен көлбеу сызық арқылы қосылады, сөйтіп жағаның ұшы сызылады.
Тордың үстіңгі жағы 3-4см ұзартылады. Төменгі жағының оң бұрышынан табылған нүктені бастыра түзу жүргізіп, оны 5-6см әрі созады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 174-176 стр.
18 кредит саны
№ 18 дәріс
Тақырып: Жағалар.
Мақсаты: Студенттерге жағаны қағазға түсірудегі ерекшеліктерді көрсету.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Тұтас пішілетін жаға
2.Тұтас пішілген қайырма жаға
Көйлек кеудесінің немесе блузаның кез келген үлгі чертежінің негізінде әр түрлі формалы жағаларды сызуға болады, олар кеуденің алдымен бірге пішіледі.
Алдыңғы бойда желке сызығынан төмен қарай алдыңғы бойдың орта сызығы бойымен 8-9см салынады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 198 стр.
7 апта
19 кредит саны
№ 19 дәріс
Тақырып: Қатпарларды және қиықтарды жобалау
Мақсаты: Студенттерге
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Бүйір қиығынан ассиметриялы қатпарлар.
2.Алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан қатпарлар
.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 201-203 стр.
20 кредит саны
№ 20 дәріс
Тақырып: Қолтық ойындысы кеңейтілген көйлек
Мақсаты: Студенттерге қолтық ойындысы туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны: 1.Тор.
2. Артқы бой, алдыңғы бой
Қолтық ойындысы кеңейтілген көйлектің негізгі үлгісінің чертежін жасау үшін төмендегі өлшемді өлшеу керек.
Кеуде шеңбері - 48
Бел шеңбері - 38
Артқы бойдың ұзындығы - 38
Жең ұзындығы - 58
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығының бойымен кеуде шеңберінің сегізден бірін өлшейді. Пайда болған нүктеден жоғары қарай 1,5см тік жүргізіп, желкелік биіктігін белгілейді. Желкелі биіктігінің жоғарғы нүктесі ойық сызық арқылы артқы бой ортасының сызығымен жалғастырылады, бұл - желкеліктің сызығы..
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 210-238 стр.
21 кредит саны
№ 21 дәріс
Тақырыбы: Қолтық ойындысы төмен ойылған жең
Мақсаты: Студенттерге төмен ойылған жең туралы мағлұмат беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Жеңнің торы.
2.Жеңді сызу.
Бір-біріне тік бұрыш жасай екі сызық сызылады. Көлденең сызық - иық сызығы, тік сызық - тігіс сызығы.
Тігіс сызығынан оңға қарай иық сызығының бойымен кеуде шеңберінің үштен бірінен 3 -4см артық шаманың екі есесін өлшеп салады. Пайда болған нүктеден төмен қарай тік сызық- тор енінің сызығын тартады.
Иық сызығынан төмен қарай тігіс сызығының бойымен жеңнің өлшнп алынған өлшемі салынады. Табылған нүкте көлденең сызық арқылы тор енінің сызығымен жлғастырылады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 259 стр.
8 апта
22 кредит саны
№ 22 дәріс
Тақырып: Реглан көйлек кеудесінің негізі
Мақсаты: Студенттерге реглан туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны: 1. Тор
2. Алдыңғы бой, артқы бой
Тор жасау үшін бір - біріне тік бұрыш жасай екі түзу сызық сызылады. Оның тік түсетіні - артқы бойдың орта сызығы да, көлденеңі - желке сызығы. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңбері өлшеп салынып, оған 3 -4см еркін сыю үшін қосылады, сол табылған нүктеден төмен қарай тік сызық - алдыңғы бойдың сызығын жүргізеді.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойына кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі өлшеп алынады.
Жауырын сызығынан оңға қарай желке сызығы бойына кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, ол Г - әрпімен белгіленеді.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 300 стр.
23 кредит саны
№ 23 дәріс
Тақырып: Реглан көйлек кеудесінің негізі
Мақсаты: Студенттерге реглан көйлек туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Жең алды.
2. Жең арты.
Желкелік сызығы биіктігінің нүктесінен иыққа тік бұрышпен жоғары қарай 5см өлшенеді, табылған нүктеден иықтың ұшындағы 2см нүктесін бастыра пунктир сызық (жең бағытының сызығы) жүргізіледі., оның ұзындығы жеңнің өлшеп алынған ұзындығы мен иық ұзындығының қосындысына тең болуы керек.
Г1 нүктесінен жоғары қарай иық сызығына тік бұрышпен (барлық размер үшін ) өлшеп алынады. Табылған нүктеден иықтың ұшындағы 2см нүктені бастыра ұзындығы жең ұзындығымен иық ұзындығының қосындысына тең пунктир сызық сызылады..
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 348-351 стр.
24 кредит саны
№ 24 дәріс
Тақырып: Төмен иықты көйлектің кеудесі.
Мақсаты: Студенттерге көйлек туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
Тор
Алдыңғы бой, артқы бой.
Бір- біріне тік бұрыш жасай екі түзу сызық сызылады. Оның тік түсетіні- артқы бойдың орта сызығы да, көлденеңі - желке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңбері өлшеп алынып, оған 3-5см (еркін сыю үшін) қосылады, ал сол табылған нүктеден төмен қарай тік түсетін сызық - алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі. Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың артқы сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 3см қосылады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 323 стр.
9 апта
25 кредит саны
№ 25 дәріс
Тақырыбы: Төмен иықты көйлектің жеңі.
Мақсаты: Мата туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Жең торы.
2.Жең аузының сызығы
Жең бүктелген күйінде сызылады. Бір- біріне тік бұрыш жасай екі сызылады. Оның көлденең сызығы - иық сызығы да, тік түсетіні - тігіс сызығы.
Тігіс сызығынан оңға қарай иық сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 3см қосылады және табылған нүктеден төмен қарай тік сызық - тор енінің сызығы (жең түбінің жоғарғы нүктесінің сызығы) жүргізіледі.
Тігіс сызығының бойымен иық сызығынан төмен қарай жең ұзындығының өлшемі алынады, табылған нүкте көлденең сызық арқылы тор енінің сызығымен қосылады. Бұл - жең аузының сызығы болады.
Қолтық ойындысының сызығынан жоғары қарай тігіс сызығы бойымен 1см өлшенеді. Табылған нүкте тор ені сызығының бойындағы 4см нүктесімен пунктир сызық арқылы қосылады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 392-394 стр.
26 кредит саны
№ 26 дәріс
Тақырып: Жеңі тұтас пішіліп қолтық тұсы кесілетін көйлектің кеудесі.
Мақсаты:Студеттерге қолтық тұсы туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Тор
2. Артқы бой және алдыңғы бой
Бір - біріне тік бұрыш жасай екі түзу сызық жүргізіледі. Тік сызық- артқы бойдың орта сызығы, көлденеңі - желке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің өлшнмі алынып, оған 3-5см қосылады және табылған нүктеден төмен қарай тік сызық - алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі.
Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы боймен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 3см қосылады. Бұдан табылған нүкте алдыңғы бойдың орта сызығымен көлденең сызық арқылы қосылады. Бұл - кеуде сызығы.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі салынып оған 0,5см қосылады. Бұл - желкеліктің кіндігі. Тьабылған нүктеден жоғары қарай 1,5см-ге тең тік сызық- желкеліктің биіктігі - сызылады, оның жоғары нүктесіне бастап артқы бойдың орта сызығына дейін ойық сызық - желкеліктің сызығы жүргізіледі. Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 398 стр
27 кредит саны
№ 27 дәріс
Тақырып: Жеңі тұтас пішілетін, қолтық ойындысы жоғары және шабу салынатын көйлек кеудесі .
Мақсаты: Студенттерге шабу салынатын көйлек туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Тор
2. Арқы бой
Осы үлгінің тор чертежін сызу жай блузаның чертежін сызумен бірдей, тек бұл чертеж бел сызығына дейін ғана құрылады.Бұйір сызығы былайша өтеді.Жауырын ені сызығынан оңға қарай кеуде сызығы бойымен 3 см өлшенеді де, табылған нүкте түзу пунктир сызық арқылы бел сызығымен сызылады.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің сегіңзден бір бөлігін өлшеп алып, оған 0,5см қосу керек. Бұл - желкеліктің кеңдігі. Осы табылған нүктеден жоғары қарай 1,5см - желкеліктің биіктігі өлшеп алынады.
Желке сызығынан төмен қарай жауырын ені сызығы бойымент 3см өлшеп алынады, бұл иықты төмендету нүктесі болады.
Желкеліктің биіктігін иықты төмендету нүктесімен қосып, оны жауырын ені сызығынан асыра 1,5см ұзартады.Бұл - иықтың төмендеу сызығы.Желкеліктің биіктігінен жоғары қарай иықтың төмендеу сызығына тік бұрыш жасай 1,5см, ал иықтың бюасынан -2см өлшемі алынады,белгіленген нүктелер түзу сызықпен қосылады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 407-409 стр.
10 апта
28 кредит саны
№ 28 дәріс
Тақырып: Шабу салынатын көйлек кеудесі
Мақсаты:Студенттерге Шабу салынатын көйлек туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Алдынғы бой
2. Шабу салу.
Жауырын енгі сызығы онға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігін өлшеп алып, оған 2см қосады.Бұл нүктені Г әріпімен белгілейді.Г нүктесінен жоғары қарай ұзындығы 2-5см-ге тең тік сызық жүргізіледі де,оны ұшына Г1 нүктесі қойылады. Желке сызығынан төмен қарай жауырын ені сызығының бойымен кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігін өлшеп алып, оған 0,5см қосады.Табылған нүкте - алдынғы бой иығын төмендету нүктесі Г1 нүктесінен алдыңғы бой иығын төмендету нүктесіне дейін түзу сызық - алдынғы бой иығын төмендету сызығы жүргізіледі.
Алдыңғы бойдың орта сызығынан солға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі өлшеніп оған 1см қосылады.Жаға ойындысының кеңдігі осылай табылады. Осы табылған нүктеден жоғары қарай ГГ1 кесіндісінен 0,5см артық өлшем салынады. Осылай анықталған жаға ойындысын биіктігін көлбеу сызығы арқылы Г1 нүктесімен қосады.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 418 стр.
29 кредит саны
№ 29 дәріс
Тақырып: Қынама көйлек
Мақсаты: Студенттерге қынама көйлек туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Тор
2. Артқы бой
Бір - біріне тік бұрыш жасай келетін екі сызық жүргізіледі.Оның тік сызығы - артқы бойдың орта сызығы, көлденені - жеке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығына оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберін өлшеп алып, оған 2-3см қосады.Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық - алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі.Бұл сызық артқы бойдың орта сығына паралель өтеді. Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігін өлшнп алып, оған 3см қосу керек.Табылған нүкте алдынғы бойдың орта сызығымен көлденең сызығы арқылы қосылады.Бұл кеуде сызығы.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 435 стр.
30 кредит саны
№ 30 дәріс
Тақырып: Қынама көйлек
Мақсаты: Студенттерге қынама көйлек туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Тор
2. Артқы бой
Бір - біріне тік бұрыш жасай келетін екі сызық жүргізіледі.Оның тік сызығы - артқы бойдың орта сызығы, көлденені - жеке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығына оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберін өлшеп алып, оған 2-3см қосады.Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық - алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі.Бұл сызық артқы бойдың орта сығына паралель өтеді. Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігін өлшнп алып, оған 3см қосу керек.Табылған нүкте алдынғы бойдың орта сызығымен көлденең сызығы арқылы қосылады.Бұл кеуде сызығы
.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 454 стр.
11 апта
31 кредит саны
№ 31 дәріс
Тақырып: Еңкіш дене үшін көйлек үлгісінің чертежі
Мақсаты: Студенттерге еңкіш дене үшін көйлек туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Тор
2. Артқы бой
Еңкіш денелі адамға тігілетін көйлек үлгісінің чертежін жасау үшін бұрын алынып жүрген өлшемдерден басқа мынадай қосымша өлшемдер алу керек: жауырын ені және алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы.
Бір - біріне тік бұрыш жасай екі сызық жүргізіледі. Тік сызық - артқы бойдың орта сызығы, көлденеңі - желке сызығы. Қолтық ойындысының кеңдігі кеуде сызығының бойымен қақ бөлініп, табылған нүктеден солға қарай кеуде сызығының бойына 2см салынады. Табылған нүкте тік пунктир сызық арқылы жамбас сызығымен қосылады. Бұл - бүйір сызығы.
Жамбас сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен 1см салынып, табылған нүктеден бүйір тігісінің сызығына дейін сәл дөңес сызық жүргізіледі, етек осылай тегістеледі.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 464 стр.
32 кредит саны
№ 32 дәріс
Тақырып: Шалқақ дене көйлек үлгісінің чертежі
Мақсаты: Студенттерге шалқақ дене көйлек үлгісінің чертежін түсіндіру
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Тор
2. Артқы бой
Бір - біріне тік бұрыш жасай екі сызық жүргізіледі. Тік сызық - артқы бойдың орта сызығы, көлденеңі - желке сызығы. Қолтық ойындысының кеңдігі кеуде сызығының бойымен қақ бөлініп, табылған нүктеден солға қарай кеуде сызығының бойына 2см салынады.
Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы боойымен артқы бойдың белге дейінгі ұзындығының өлшемі салынады, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылып бел сызығы анықталады. Артқы бойдың орта сызығына оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберін өлшеп алып, оған 2-3см қосады.Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық - алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі.Бұл сызық артқы бойдың орта сығына паралель өтеді.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 476 стр.
33 кредит саны
№ 33 дәріс
Тақырып: Әр түрлі фасонды киімнің үлгісін жасау тәсілдері
Мақсаты: Студенттерге балалар киімінің көркемдік хатталуының және үлгіленуінің принциптері туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
Фасон
Пропедевтика – ғылымға алдын – ала курстың, жүйелі элементті түрде кіріспе. Бұл тапсырмаларды орындаған студенттер, бастапқы кәсіби білікті жинау:
жүйелі анализ және синтез тәсілін қолдану;
берілген құралмен басқару;
өз жұмысын берілген тапсырма арқылы бағалау.
Пропедевтика курсы студенттерді шығармашылық процесс негізімен таныстырады. Болашақ киім дизайнерге образ-ассоциациялық ойлауды дамытады, бейнелік мәнерлікке үйретеді. Оқыту әдісі композициялық міндеттің жәй түрінен күрделі түріне дейін жүйелі оқытады. Дизайнер жұмысына қойылатын басты талаптары: элементтердің органикалық бірлігі; шешілетін міндеттің бейнелеп білдіру; құрал таңдау кезінде шектен шықпау; берілген тапсырма бойынша пропорция мен масштабтың сйкес келуі; эскиз жазықтығын ұйымдастыру; графикалық үлгілеудің мәдениеті, шешім еркешелігі, орындалу дәлдігі; тапсырманың жұмыс әдістемесі.
2. Нүктенің орналасуы.
Композицияның басты заңдылықтары болып графикалық үлгілеу болып табылады. Ең бірінші тапсырма беттің композициясы, графикалық жердің композициясы, нүктемен жердіңөзара байланысы. Ол үшін формат ортасына немесе қағаз бетіне кез келген бейне орналастырады. Қағаз бетіндегі бір нүкте жазықтықтықты ұйымдастырады: орталық ұйымдастырушы, төменге түсе бастаған, жоғары көтеріле бастаған; қағаз шетіне шыға бастаған. Екі нүктенің контраст болуы, екі нүктенің ньюанс болуы, екі нүктенің сәйкестігі.
Жоба – графикалық бейненің түрі.
Графика – жазу, бейнелеу өнерінің бір түрі (грфюра, литография, монотипия), сурет өнерінде негізделген, бірақ өзінің бейнелеу және мәнерлік құралы бар. Графика дизайн жобалауының кәсіби құралы болып есептеледі, сондықтан ол жоба міндетінің қалыптасуына және түрлі әдістерін ізденуге, оның дамуына көмектеседі. Графика дизайнер ойының жобалау кезіндегі нақты шешіміне ауысуы.
Графикалық үлгілеу.
Киімді графика-жоба үлгілеудің бірнеше түрге бөлуге болады:
набросок – бастапқы графикалық ой;
ізденіс сурет – графикалық жұмыс бұйымының бөлшектерін ойластыру;
эскиздік жоба – жобаның бейнелік шешімін табу, материалын, қосымшаларын таңдау;
сызбасын құрастыру;
құрастыру арқылы макетін материалда қолдануы.
Жоғарыда айтылған әдістердің бастысы эскиздік жоба, оның нақты талаптары бар: мәнерлік, түсініктік, анық мазмұны. Эскиз түрлі графикалық тәсілдерден тұрады:
ізденіс эскиз – жобаның идеясын салу,
эскиз беру – таспа графикасында орындау;
техникалық эскиз – адам фигурасымен бұйым пропорциясымен анық сәйкестігі.
Графикалық үлгілеу міндеттері:
жобаның басты идеясын белгілеу;
жеке бейненің шешімін табу, көбейтуі мүмкін;
қосымшалары керек емес болса кетіру, графикалық тазалау.
Диплом жобаны жасаған кезде ізденіс эскиздерін орындайды, сонымен қатар коллекцияны планшеттерде орындайды.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 510 стр.
12 апта
34 кредит саны
№ 34 дәріс
Тақырып: Пішу.
Мақсаты: Студенттерге лиф негізін муляждау туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
Киімді пішу
Көйлекті пішу
Көйлектің үлгілерін жақсылап үтіктенлген матаның үстіне дұрыстап салу керек .Матаны оң жағын ішіне келтіріп екі бүктеп салу керек.
Үлгілерде бой жіптің бағыты мен бақылау нүктелерінің орнын қарындашпен белгілеу керек.
Көйлек кеудесінің алдыңғы бойының ортасының сызығы матаның бүктелген қырына келтіріледі. Алдыңғы бой үлгісінің екінші бөлігінің түзу сызығы бой жіпке келтіріледі. Артқы бой ортасы-матаның бүктесініне келтіріледі.Жеңде бой жіп шынтақ иілісі сызығы бойымен өтуге тиіс.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 514-517 стр.
35 кредит саны
№ 35 дәріс
Тақырып: Реглан негізіндегі көйлек.
Мақсаты: Студенттерге реглан көйлек туралы түсінік.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1. Тор
2. Артқы бой.
. Тор жасау үшін бір - біріне тік бұрыш жасай екі түзу сызық сызылады. Оның тік түсетіні - артқы бойдың орта сызығы да, көлденеңі - желке сызығы. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңбері өлшеп салынып, оған 3 -4см еркін сыю үшін қосылады, сол табылған нүктеден төмен қарай тік сызық - алдыңғы бойдың сызығын жүргізеді.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойына кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі өлшеп алынады.
Жауырын сызығынан оңға қарай желке сызығы бойына кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, ол Г - әрпімен белгіленеді.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 520-522 стр.
36 кредит саны
№ 36 дәріс
Тақырып: Құрастырма жеңді көйлек
Мақсаты: Студенттерге құрастырма жеңді көйлекті тусіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Артқы бойдың тұтас пішілетін жеңін сызу
2. Алдыңғы бойдың реглан жеңін сызу
Блуза негізі үлгісінің чкртежін құрады, бірақ мына өзгерістер енгізуі тиіс: қолтық ойындысы мен бүйір сызығы жүргізілмейді.
Жауырын ені сызығы мен қолтық ойындысының шығынқы сызығын кеуде сызығынан төмен қарай 2см созып, оның ұштарын көлденең сызықпен қосады. Бұл - қолтық ойындысының жаңа сызығы.
Қолтық ойындысы сызығын тең екіге бөліп оның оң жақ жартысын тағы да қақ бөліп, бұл нүктеден төиен қарай жамбас сызығына дейін тік пунктер сызық жүргізеді. Бұл - бүйір сызығы.Бүйір сызығына қарап, бүйір тігісі сызығын көйлектің негізіндегі сияқты жасайды.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 523-540 стр.
13 апта
37 кредит саны
№ 37 дәріс
Тақырып: Құрастырма жеңді көйлек-костюм.
Мақсаты: Студенттерге құрастырма көйлек - костюм құрастыру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дәрістің мазмұны:
1.Артқы бойдың тұтас пішілетін жеңін сызу
2. Алдыңғы бойдың реглан жеңін сызу
Блуза негізі үлгісінің чкртежін құрады, бірақ мына өзгерістер енгізуі тиіс: қолтық ойындысы мен бүйір сызығы жүргізілмейді.
Жауырын ені сызығы мен қолтық ойындысының шығынқы сызығын кеуде сызығынан төмен қарай 2см созып, оның ұштарын көлденең сызықпен қосады. Бұл - қолтық ойындысының жаңа сызығы.
Қолтық ойындысы сызығын тең екіге бөліп оның оң жақ жартысын тағы да қақ бөліп, бұл нүктеден төиен қарай жамбас сызығына дейін тік пунктер сызық жүргізеді. Бұл - бүйір сызығы.Бүйір сызығына қарап, бүйір тігісі сызығын көйлектің негізіндегі сияқты жасайды. Желкелік биіктігінің нүктесінен иыққа тік бұрышпен жоғары қарай 1,5см,ал иықтың ұшына 2см өлшеп алады да, олардың ұштарын қосады.Бұл - иықтың көшірілген сызығы.
Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 539-550 стр.
38 кредит саны
№ 38 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |