«Мәдениет және өнер» институтының директоры



бет1/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#7364
  1   2   3
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»

«Мәдениет және өнер»

институтының директоры

________ Нагимова. М.М.

«__»__________ 2010ж

Мәдениет және өнер институты

«Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім беру » кафедрасы
050107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша

кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған




Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі

(пәннің атауы)


Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Курс3

Семестр – 5

Кредит саны - 3

Дәріс-15

Практикалық сабақ – 15х3

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) - 15 сағат

СӨЖ – 15 сағат

Рейтинг бақылау – 15,15 сағат

Емтихан – 6-семестрде /2 сағат/

Барлығы – 92,15 сағат


Орал - 2010 ж

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай құрылған «Кәсіби жоғары білім беру. Басты тұжырымдама». ГОСТ РК 3,001-2000. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 14сәуір 2003ж. №409 – бұйрығымен бекітіліп енгізілген.


Құрастырушы(лар): оқытушы Қапақов Ғарифолла Хамидоллаұлы

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

« Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім беру» кафедрасының отырысында бекітілді.

« » _ 2010 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі Сейтимов А.Ғ.


Мәдениет және өнер институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
« »_ 2010 ж. № ___ хаттама.

Институттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы ______________ И.У. Утегенов

Мәдениет және өнер институты

«Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім беру » кафедрасы
050107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша

кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған




Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі

(пәннің атауы)


Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Курс3

Семестр – 5

Кредит саны - 3

Дәріс-15

Практикалық сабақ – 15х3

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) - 15 сағат

СӨЖ – 15 сағат

Рейтинг бақылау – 15,15 сағат

Емтихан – 6-семестрде /2 сағат/

Барлығы – 92,15 сағат


Орал - 2010 ж

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай құрылған «Кәсіби жоғары білім беру. Басты тұжырымдама». ГОСТ РК 3,001-2000. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 14сәуір 2003ж. №409 – бұйрығымен бекітіліп енгізілген.


Құрастырушы(лар): оқытушы Қапақов Ғарифолла Хамидоллаұлы

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

« Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім беру» кафедрасының отырысында бекітілді.

« » _ 2010 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі Сейтимов А.Ғ.


Мәдениет және өнер институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
« »_ 2010 ж. № ___ хаттама.

Институттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы ______________ И.У.Утегенов

2. Пәннің оқу бағдарламасы. (SILLABUS)

2.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы,



Қапақов Ғарифолла Хамидоллаұлы

Офис: «Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім беру» кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Студенттер көшесі - 3

Жұмыс телефоны: 503254


2.2 Пән туралы мәлімет

Пән атауы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

Кредиттің атпаға бөліну кестесі :




Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ


50 мин.

Байланыс сағаты 2

(1 практика)



50 мин.

ОЖСӨЖ

50 мин.

Кредит саны – 2

Өту орны: № 7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Сараман

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


3

6

2

15

15х3

15

15

90

емтихан



Кіріспе
Бейнелеу өнерінің типтік оқу бағдарламасының мазмұны код МП1.303. 050107 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының мазмұнын анықтайды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін ғылыми пәндер түрі ретінде қарастыра келіп мектептен бейнелеу өнерін оқытудағы практикалық іс-әрекеттермен қатар педагогика, психологиямен тығыз байланыста болатынын дәлелдейді. Курстың ең басты маңызы Қазақстан Республикасының париот азаматын эстетикалық, имандылық, этикалық тәрбиелеуге және де Қазақстан бейнелеу өнері мәдениет бастауларын ұғындыруға бағытталған.

Мемлекеттік жалпы білім стандартына енетін типтік бағдарламаның басты мазмұны жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауға және де бұл тақырып бойынша оқытылатын пәндер бағдарламада басты бөлімдерінде айқындалады.

Курс мақсаты: Тәрбиелік және тәлімдік әрекеттердің іске асырылуы жас адамдардың азамат өз елінің тұлғасы болып қалыптасуы белгілі бір дәрежеде мектепке жүктелген міндет ішінде іске асырылады. Сол себепті мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәні осы міндеттердің орындалуына ортақтас. Бұл сабақ курсында және әңгіме кезінде студенттердің әртүрлі саладағы профессионалды суретшілердің болашақтағы жанрымен творчествосындағы ерекшеліктерімен танысады.

Пәннің негізгі мақсаты - әсемдік көркем композициясының ерекшелігін ашып көрсету, жалпы және керекті композициялық сауттылықпен қамтамасыз ету.

Бұл пән-композиция негіздерін қабылдауына көркем суреттін ойының дамуына, композициялық тұрғыда өзіндік көркем-суреттік орындау манерасының пайда болуна жеткілікті деңгейде білім алуына болашақта профессионалды білімді және шебер суретші-педагог болуына көп көмектеседі.

Курс міндеті: Бұл бағдарлама суретшінің творчествалық және композициялық жұмыстарында тұтастықтың қалыптасуын болжайды және студенттердің көркем-образдық ойын өсіреді, творчествалық ізденістерін дамытады. Оқу кезенде студент көркем-сурет тілдерінің маңызды және негізгі жақтарымен таныса отырып, кескіндік бейнелеу заңдылықтары, композициялық ойлау қабілеті, эмоционалды-қамту жүйесі туралы білім алады.



2.4. Сабақ мазмұны мен кестесі.

1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Тақырып: Бейнелеу өнерін оқытудың негіздері. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

Дәрістің мазмұны: Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы.

ӨЖСӨЖ мазмұны:

Бейнелеу сауаттылығының негіздері. Сурет салу жабдықтары мен қолданылатын материалдар.



СӨЖ мазмұны: Сызықтар мен штрихтар жүргізу тәсілі. Перомен сурет салу.

Әдебиет: Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970

Кузин В.С. ИЗО и методики его преподавателя в начальных классах. М; Просв. 1984

Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981

2 кредит сағат

1 практикалық сабақ



Тақырып: Заттан қарап бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Практикалық сабақтың мазмұны: Заттан қарап бейнелеу ереже заңдылықтарын үйрету.

ӨЖСӨЖ мазмұны: Заттан қарап бейнелеу сабағына арнап сабақ жоспарын құру.

СӨЖ мазмұны: қылқаламмен бір түсті сурет салу әдісі /гризайль/

Әдебиет: Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие – М; Наука, 1974.

Сагимбаев А.А. Педагогические условия формирования творческой деятельности учащихся начальных классов посредством изоб-ного искусства. 2003.- 148 стр

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980


2 апта

3 кредит сағат

2 дәріс



Тақырып: Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Дәріс мазмұны: Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны қоршаған орта өмір шындығы, әдеби шығармалар желісіне байланысты сюжеттер немесе белгілі бір берілген тақырып бойынша оқушылардың өз қиялдарынан құрастырып бейнелеген суреттерге негізделеді.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Тақырыптық бейнелеу сабақтарына сабақ жоспарын құру.

СӨЖ- мазмұны: Акварель бояуымен жұмыс жасау ережелері.

Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980

К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
4 кредит сағат

2 практикалық сабақ



Тақырып: Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Практикалық сабақтың мазмұны: Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, басқа да халықтардың дәстүрлі тарихи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу технологиясын меңгеруге және әртүрлі көркем материалдар пайдаланып көркем құрастыру, безендіру, жапсырмалау, көркем бүктеу, дизайн жасау жұмыстарына негізделген.

ӨЖСӨЖ мазмұны: Сабақ жоспарының үлгісін құрастыру.

СӨЖ мазмұны: Жарық, көлеңке заңдылықтары.

Әдебиет: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980

Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970

Кузин В.С. ИЗО и методики его преподавателя в начальных классах. М; Просв. 1984


3 апта

5 кредит сағат

3 дәріс



Тақырып: Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Дәріс мазмұны: Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу, әдіс-тәсілдерін меңгеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді образдар жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің ереже заңдылықтарын меңгереді.

СӨЖ- мазмұны: Топтық композиция құрастыру /ермексаз/

Әдебиеттер: Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.

Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997

6 кредит сағат

3 практикалық сабақ



Тақырып: Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Практикалық сабақтың мазмұны: Өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне, эмоционалдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді.

ӨЖСӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар жинақтау және альбомдар құрастыру.

СӨЖ мазмұны: Заттар пропорциясын көрсету үшін жаттығулар орындау.

Әдебиет: Байжігітов Б.К. Бейненің тұрақты нақыштарына философиялық қатынас.Алматы.1998. -228 бет.

Самуратова Т.К. Қазақ қолданбалы өнері негізінде болашақ мұғалімдердің эстетикалық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыру.


4 апта

7 кредит сағат

4дәріс



Тақырып: Бейнелеу өнерін оқытудағы пәнаралық байланыс.

Дәріс мазмұны: Пән аралық байланыс білім беру жүйесіне енгізілген барлық пәндердің біртұтастық, қажеттілік деңгейін дәлелдейді. Бұл бейнелеу өнерінің басқа да пәндермен бірдей деңгейде оқытылу мәртебесін дәлелдейді, оқыту мен тәрбиедегі барлық пәндердің бірізділігін қамтамасыз етеді.

ОЖСӨЖ- мазмұны: 5-7 сыныптардағы бейнелеу өнері пәніндегі пәнаралық байланыс кестесін құру.

СӨЖ- мазмұны: Пәнаралық байланысқа сабақ жоспарын құру.

Әдебиеттер: Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997

Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
8 кредит сағат

4 практикалық сабақ



Тақырып: Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері.

Практикалық сабақтың мазмұны: Бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді.

ӨЖСӨЖ мазмұны: Дидактика ның негізін салушылар: Ян Амос Коменский, Иоганн Генрих Песталоцций, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б.

СӨЖ мазмұны: Дидактика саласына үлес қосқан қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері – А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б. туралы баяндама әзірлеу.

Әдебиет: Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитат.процесса. М; Прсвещ.1982

Барщ А.О. Рисунок в средней художественной школе. М; Искусство 1957

Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997


5 апта

9 кредит сағат

5 дәріс



Тақырып: Оқытудың ғылымилық принципі.

Дәріс мазмұны: Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздері перспектива, түстану, жарық-көлеңке, анатомия т.б. ғылымдарға бағытталады.

ОЖСӨЖ-мазмұны: Оқытудың ғылымилық принципін талдау.

СӨЖ- мазмұны: Сабақ жоспарын құру.

Әдебиеттер: К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
10 кредит сағат

5 практикалық сабақ



Тақырып: Көрнекілік принципі

Практикалық сабақтың мазмұны: К.Д.Ушинский: «Көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды» деген. Көрнекілік принциптің оқу материалдарын, соның ішінде теориялық ереже, заңдылықтарды терең түсінуде, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.

ӨЖСӨЖ мазмұны: Көрнекіліктер дайындау.

СӨЖ мазмұны:. Өз беттерімен кітапханаларға бару және иллюстрациялық материалдармен танысу.

Әдебиет: Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980


6 апта

11 кредит сағат

6 дәріс



Тақырып: Саналылық пен белсенділік принципі

Дәріс мазмұны:

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын , белсенділігін арттыруға болады.



ОЖСӨЖ- мазмұны: Ғылыми әдебиеттермен жұмыстану /№7-к.оқу залы/

СӨЖ- мазмұны: иллюстрациялық материалдармен танысу.

Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980

Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.

Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997


12 кредит сағат

6 практикалық сабақ



Тақырып: Жүйелілік және бірізділік принципі.

Практикалық сабақтың мазмұны:

Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс нәтижелі болады. Я.А.Коменский «бүгінгі кешегіні бекітіп ертеңгіге созылта жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс».



ӨЖСӨЖ мазмұны: Сабақ жоспарын құру.

СӨЖ мазмұны: Ғылыми әдебиеттермен жұмыстану /№7-к.оқу залы

Әдебиет: Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981

Программа по ИЗО 5-6кл. Изд. РГИ и «Рауан», 1999

Ростовцев Н.Н. Академический рисунок; М,1984

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977

Байжігітов Б.К. Бейненің тұрақты нақыштарына философиялық қатынас.Алматы.1998. -228 бет.



7 апта

13 кредит сағат

7 дәріс



Тақырып: Түсініктілік және сәйкестік принципі.

Дәріс мазмұны: Оқытудың түсініктілік принципі мұғалімнен жаңа материалдың күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілу мүмкінділігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін жеке іскерлік және танымдылық қабілетін білуді талап етеді.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Қажетті әдебиеттермен жұмыстану.

СӨЖ- мазмұны: Конспект дайындау.

Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980

Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство и методика в начальных классах. М, 1999

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977


14 кредит сағат

7 практикалық сабақ



Тақырып: Бейнелеу өнерін оқыту әдістері

Практикалық сабақтың мазмұны: Оқыту әдіс-тәсілдері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Мұғалім әдіс-тәсілдер арқылы оқылатын сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін айқындайды.

ӨЖСӨЖ мазмұны: Сабақ жоспарларын құру, талдау.

СӨЖ мазмұны: Типтік оқу бағдарламаларымен жұмыстану.

Әдебиет: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977

К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
8 апта

15 кредит сағат

8 дәріс



Тақырып: Ауызша әдіс.

Дәріс мазмұны: Ауызша әдіс – сабақтың қай кезеңінде болса да, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру тәсілдері құрайды. Бұл әдіс көбіне жаңа сабақ кезеңінде басым орын алады.

ОЖСӨЖ- мазмұны: сабақ жоспарын құру.

СӨЖ- мазмұны: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірлесу.

Әдебиеттер: Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнеріндегі философиялық мәселелер. Алматы; Ғалым, 1998

Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты: рис.,жив.; М.; Просвещ.1981

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
16 кредит сағат

8 практикалық сабақ



Тақырып: Көрнекілік әдісі.

Практикалық сабақтың мазмұны: Бұл әдіс оқушылардың құбылысты, оқиғаны, мәселені, оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына, түсінуіне, есінде сақтауында, заттардың құрылысын, қасиеттерін өз беттерімен зерттеп тауына мүмкіндік жасайды.

ӨЖСӨЖ мазмұны: Демонстрациялау, иллюстрациялау, экранды бейнелік, дыбыстық тәсілдер.

СӨЖ мазмұны: Жануарлар мен хайуанаттардың нобайын салу.

Әдебиет: Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997

Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
9 апта

17 кредит сағат

9 дәріс



Тақырып: Практикалық әдіс.

Дәріс мазмұны: Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асыру, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер, сабақ тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау/дизайн/ жұмыстары болып табылады.

ОЖСӨЖ- мазмұны: Іскерлік дағдыларын қалыптастыру жаттығуларын орындау.

СӨЖ- мазмұны: бейнелеу өнерінің айқындаушы құрал-тәсілдерімен таныстыру.

Әдебиеттер: Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997

Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970

К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.


18 кредит сағат

9 практикалық сабақ



Тақырып: Репродуктивтік әдіс.

Практикалық сабақтың мазмұны: ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Репродуктивті әдіс өткен білімді, іс-әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет