Мәдениет және спорт факультеті «театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасы


Қоғамдық сананың құрылымы және формалары



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі39,12 Kb.
#84525
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қоғамдық сананы модернизациялау1
Дін анықтамалары, урок6, Базаркелды Мадина СОЖ d6cd0f9316e7834ad29d203589c08063, А мола облысы к шпелі т р ындарынан ІІ мемлекеттік Дума а сайлан, 1 рк жауаптары
2.1 Қоғамдық сананың құрылымы және формалары

Философия тарихында адам табиғаты мен оның мәнін қалай анықтады, әртүрлі философиялық ағымдар материалды және идеалды құбылыстарды қалай түсіндірді, жаратылыстану ғылымдары мен философия арасында идеалдылық пен материалдылық туралы қандай ортақ пікірлер бар, міне осы сұрақтарға жауап іздеу керек. Әсіресе антропосоциогенез туралы соңғы ғылыми деректерге ерекше көңіл бөлу қажет, мысалы синергетикалық теория бойынша тірі жүйелердің өзін - өзі ұйымдастыру заңдылығы бар. «Сана» ұғымын «өзіндік сана» ұғымымен салыстыра отырып түсіндіру керек.


Адам санасы, ақылы туралы психология және физиология ғылымдары ашқан жаңалықтардың философиялық мәні мен маңызы, қазіргі заманғы информациялық қоғамның адам психикасына әсері жайындағы пікірлерге де тоқталу керек.
Қоғамдық рухани құбылыстарды, идеалды процестерді талдамаса болмайды. Мысалы, қоғамдық сана формалары деп аталатын: дін, парасат, өнер, саясат, құқық, ғылым, философия сияқты құндылықтарды жеке – жеке саралау керек. Діни сана, адамгершілік, эстетикалық талғам, саяси сана, философиялық көзқарас мәні мен мазмұнын ашып, олардың өзара байланысын, адам және қоғам өміріндегі маңызын атап өту қажет. Мәдениет тарихындағы дін мен ғылымның рөліне ерекше назар аудару керек.
Сонымен бірге жеке адам санасы мен қоғамдық сана арасындағы диалектикалық байланысты да ашу керек. Қазіргі замандағы Қазақстан мемлекетінің дамуы, халықтың, жастардың саяси белсенділігі, құқықтық психология мен идеологияның арасалмағы жайында, діннің және салт – дәстүрдің ұлттық сананы қалыптастырудағы орны туралы тереңірек тоқталған жөн. Әсіресе ұлттық сана мен жалпыадамзаттық дүниетанымның жақындасуы жайында, рухани құндылықтардың сананы дамытудағы ерекше ықпалы жөнінде де айтқан өте дұрыс болар еді. Ол үшін бүгінгі таңдағы бүкіл әлемде және біздің қоғамда болып жатқан мәдени - әлеуметтік процестерге философиялық көзқараспен қарауға оқып – үйренуіміз қажет.
Қоғамдық сананың түрлері: 1. саяси сана - таптар, ұлттар, әртүрлі топтардың, мемлекеттердің қатынасын қарастырады; 2. құқықтық сана. Тек тәрбиелеу адамға жетіліксіз. Құқықтың негізгі мақсаты - демократиялық заңдар арқылы теңдік, әдептілік қағидасын, адам бостандығын қорғау. 3. моральдық сана (лат mores - әдет-ғұрып). Ар-ұждан, міндет-парыз, абырой, адамгершілік және әдептілікті өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт. 4. эстетикалық сана. Өнер, әдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса маңызды тәсілі. 5. Дiн және атеизм. Дiн дегенiмiз күнделiктi өмiрде сыртқы күштердiң адам санасында қиялы түрде бейнелеуi. Дiн әруақытта табиғаттан тыс күшке сенуге мәжбүр етедi. Оны мифологикалық түсiнiктер әдеп-ғұрып жоралар және мистикалық көңiл-күй арқылы негiздейдi. Атеизм - ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару, құлшылық етуден безу. 6. Философия - ой жүйесі, дұрыс ойлауды үйрету. Адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ілім. 7. Ғылым - қоғамдық саналардың бәріне тікелей қатысты теориялар жиынтығы.
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі, бірақ өз құрамында өткен ұрпақтың санасының ерекшеліктерін сақтайды, яғни оның тура көшірмесі бола алмайды. Және ол болмысқа кері әсерін тигізіп оның өзгеруіне ықпал жасайды, сондықтан қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігін мойындауымыз керек. Бұл қалыптасқан болмысты құптаушылардың, оған оппозицияға шығушылардың бар екендігімен дәлелденеді. Қоғамдық сана жеке сананың әсерімен ғана дами алады, сондықтан ол әркімге ерекше жауапкершілік жүктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет