Ежелгі славян мәдениеті
Ежелгі славяндардың мәдениеті — орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып
саналады. Оның басты мәдени құндылықтары — қасиетті жырлар, мифология,
аңыз-ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері
Христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа
табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағында
пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.
Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты
болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да
жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі
ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған,
сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде
сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп
санап, оларға құдайдай табынған.