Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болып келеді. Бірқатар зерттеушілер тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі екенін айтады.