айқындайтын факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани
кеңістігімізге әсер етеді.
Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып келген
игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі-әр
кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр халықтың
өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып қалыпты жағдайда
өмір сүруін қамтамасыз етеді.. Біздің әлемдік өркениетке қол жеткізуімізге
мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік өркениеттің өрісне шыққан, дамудың
сара жолына түскен елдердің тәжірибесіне баса назар аудара отырып, өз
жолымызды табудың маңызы зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда
дәстүрімізге сай халықтық қалпымызға оралып, әлемдік білімді игеруге қол
жеткізу арқылы біздің де өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни
адамзат өркениеті биігіне көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі
ақиқат. Оған көптеген шаралар жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та
жатыр. Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз
мүмкін еместігі, тарихи, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық
идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады.
Дұрыс идеологиялық бағдарды ұстанып, болашаққа сеніммен аяқ басайық.
Көп ұлтты, көп конфессиялы республикамызда мемлекеттік тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен бергі салыстырмалы аз мерзімнің ішінде берілген
конституциялық құқық негізінде идеологиялық ағымдардың түрлі нұсқалары
қалыптасып үлгерді. Еліміздегі этно-демографиялық, саяси-әлеуметтік
жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы идеялардың арасынан
басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған қоғам мүшелерінің
белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықгың көпшілік бөлігінің рухани
сұранысын қамтамасыз ете алатын ұлттық дәстүрін, құндылықтарын
мемлекеттік дәрежеге көтерудің қажеттілігі барынша сезіле бастады. Ұлттық
мемлекет – еліміздің негізін құраушы, ұйыстырушы қазақ ұлты және қазақ
ұлтының қалыптасқан тарихи мекені болғандықтан міндетті түрде қазақ
ұлтының мемлекеттігі орын алуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: