нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы
жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік
салалармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет – адам
әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да,
материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам болу үшін еңбек
құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі қажет.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның құрылымы арқылы
көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау
мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық
қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері
кездеседі Олардың әрқайсысы, жекелеп алып қарағанда, философиялық
мәселелер. Басқаша айтқанда, философия мен мәдениеттің арақатынасы
қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп
қарау қажет.
Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы
кейде «Батыс – Шығыс» белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы
қарастырылады. Батыс және Шығыс мәдениеттері арасындағы үйлесімділік
немесе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және әлі шешімін
таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг ұсынды: «Батыс ол Батыс.
Шығыс ол Шығыс… Олар ешқашан қосылмайды». К. Юнг де осындай
көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән ойлау типтері соншалық
өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі қажет емес деп
есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс бірыңғай
әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл «алқалық» ұстындардың толық жеңуіне
негіз болады деп санаған.
Достарыңызбен бөлісу: