Мәдениеттану. Соөж -5 6 Тақырып. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті



Дата07.02.2022
өлшемі23,09 Kb.
#84712
Байланысты:
1 тапсырма
AXXAkS7CQELDXsXPGiL0q7uHMzDnxilA6LzjF0nA

Мәдениеттану.СОӨЖ -5
6 Тақырып. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті.
Спис 21
Абдіманап Динара
1.тапсырма: Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениетіне талдау жасаңыз.
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды.

XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Оян, қазақ!. Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.


2.тапсырма: ХХ ғ. Қазақстанның белгілі ғалымдары.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
XX ғасырдың алғашқы кезеңінде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының қоғамдық, саяси, мәдени, ағарту істеріне белсене араласып, бар күш-жігерін, білімін оқу-білім жолына арнаған. Ол қазақ халқының мәдениет тарихында білгір педагог, қазақ тілі білімінің негізін салушы, ғылым-тюрколог, әдебиет зерттеуші, журналист, қоғам қайраткері, елінің рухани жетекшісі ретінде танылды.
Ы. Алтынсарин — қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық негіздерін дүние жүзі педагогикасының қол жеткен алдыңғы қатарлы деңгейінде құра білген ұлы ұстаз. Орталық бұғауға түскен қазақ халқын мәдени қиындықтан құтқаратын жол — ағартушылық деп білген Ыбырай, патша үкіметінің “Қайырымдылығына ” орай және бұқара көпшіліктің қаржысымен ашылатын мектептерді және ондағы білім мен тәрбие беру, оқыту принциптерінің негізгі компонентерін өміршең мәнде дәлді белгілей білді.
Ал, ұстаз-психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері (“Тәрбиеге жетекші”,”Психология”, “Комплекспен оқыту жолдары”, “Жаңа ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі.
3 тапсырма: Қазақ халқының руханилығын сақтау, қазақ халқының ұлттық өзіндік санасын, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыптастырудағы зиялы қауымның рөлін ашып көрсетіңіз.
Зиялылардың ұлт тағдырында­ғы ролі туралы алғаш рет француз ойшылы Сен-Симон (XVIII ғ.): «Егер бір уақытта он мың француз шаруасы мен сонша жұмысшысын жоқ қылып жіберсе француз ұлты сақталады. Ал егер сол уақытта елу француз ғалымы, сонша әртісі мен инженерін жойып жіберсе, онда француз ұлты жойылады», – деді. Яғни зиялы дегеніміз, ол – «өз за­манының ақыл-ойы мен ар-ұжданы». Мысалы, 1941 жылы Мұс­тафа Шоқай немістің концлагер­лері­не өзі сұранып барып, онда жатқан мыңдаған түркістандықтарың еврей емес екенін дәлелдеп (немістер піштірілгеннің бәрін еврей деп қыра берген), өлімнен құтқарды. Оспан бастаған батырлар мен кешегі Қытай түрмесінде қырық бір жыл отырған Қажығұмарлар да ұлттың нағыз зиялылары.
Кеңес Одағы кезінде қазақ зиялылары ХІХ ғасырдан бастап қалыптасты деген теріс ұғым пайда болды. Ал шын мәнінде, қазақ зиялыларының тізімі Қорқыт (VIII ғ.) пен Әл-Фарабиден (Х ғ.) басталып, Қожа Ахмет Иассауи, Қадырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау арқылы бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Мысалы, кезінде Мұхамедсалық Бабажанов та аш­қан ғылыми жаңалықтары үшін орыстың географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған. Ол орыс губернаторларының отар­лық саясатын әшкерелеп, Патшаға бірнеше рет хат жазып, Орынбордың екі губернаторын жұмыстан алдырады. Сол үшін оны улап өлтірді. Дәулеткерей күйші ол өлгенде «Салық өлді дегенше, халық өлді де­сейші» деп қайғырған. Біз ел қор­ғаған осындай батыр зиялыларымызды ұмытпауға тиіспіз.
Әрине, бүгінгі ұрпақ олардың істерінен үлгі алып, ел мен жерді қорғауға өздері де үлес қосулары керек. Зиялылардың әр буыны ұлтты қалыптастыру не дамытуға өз үлестерін қосқанда ғана ұлтта дамиды.
Мәселен, кезіндегі алаштықтар интеллектуалдық тұрғыдан алған­да заманының алды болған. Сол кездегі большевиктер олардың қасында жартылай надандар еді. Бірақ ол кез большевиктердің дәуірі болды. Большевиктер Жымпитыда құрған Батыс Алашорда автономиясын төрт күнде, елу екі күн тұрған Қоқан автономиясын үш күнде тал­қан етті. Неге? Өйткені, 1916 жыл­дардағы Амангелді мен Бекболат батырлар сияқты халық олар­дың артынан толығымен қолдап ермеді. Алашордалықтар халықты ағартуда, саяси сауатын ашуда көп еңбек сіңіріп, білім-білігі сол кездегі әлемнің мықты деген кез келген интеллигенциясынан артық болмаса кем емес еді.
Әлемдік интеллигенция әр ұлттың даму деңгейіне байланысты қалыптасқан әр түрлі деңгейдегі құрылымдар. Қазіргі зиялыларымызды, әлемге бармай-ақ, осы орыстың ғалым-инженерлерімен салыстырғанның өзінде көп нәрсе анықталады. Кеңес Одағы 1949 жыл­дан бері қырық бір жыл бойы қазақ жерінде бес жүзден астам атом бомбасын жарды. 1957 жылдан бері Байқоңырдан ракеталар ұшыруда. Бірақ осы уақытқа дейін қазақтар олардың технологияларын игерген жоқ. Бүгін біз олардан алпыс-жетпіс жылға кері қалдық. Ал сол технологияларды игеруді бастағанның өзінде жүз жылға артта қалатын боламыз. Кванттық фи­зика мен технология, т.б. көптеген салаларда сонша артта қалудамыз. Мысалы, Еуропада импрессионизм ХІХ ғ. жетпісінші жылдары басталса, одан кейін модернизм, постмодернизм ағымдары дамыды. Ал бізде осы мектептердің бірі де жоқ. Бұл да ұлттың даму эволюциясының кезеңдерін құрай­ды. Көп нәрседен кенже қалдық. Оның ішінде адам капиталы мен инновациялық экономиканы дамыту бүгінгі Қазақстанның ең актуалды проблемасы. Оларды дамытуға мемлекет болып кіріспесе ондаған жылдардан кейін толы­ғымен Қытай мен Ресейдің шикі­заттық отарына айналамыз. Ешкім біздің бос сөздерімізді күтіп отырмайды. Қазір құр босқа мақтанудың емес, іс пен кәсіптің заманы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет