Тілдік және мәдени алуантүрлілік пен көптілділікке жәрдемдесу мақсатында, сонымен қатар туған тілде білім алудың маңыздылығына қоғамның назарын аударту үшін 1999 жылы ЮНЕСКО бас конференциясы 21-ші ақпан күнін халықаралық туған тіл күні ретінде жария етті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қос тілді немесе көп тілді оқыту әдістерін қолдану арқылы туған тілді оқытуға, туған тілдегі сауаттылыққа біртіндеп қол жеткізуге, сонымен қатар мемлекеттік тілді оқытуға қолдау жасап, көптілділікті көтермелейді.
Қазақстанның көптілділігі – ол мәдени алуантүрлілікті іске асыратын және пікір алмасуды, жаңа бастамалардың пайда болуын қолдайтын қуатты күш.