Мәди Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі бойынша Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар есебі
2015-2016 оқу жылы
Мектебімізде аудандық білім беру бөлімінің бекіткен жоспарына сәйкес Тілдер мерекесінің іс-шаралар жоспары құрылып, тіл мамандары жауапты болып бекітілді. Онкүндіктің алғашқы күні мерекенің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп директоры Хасенова М.К.құттықтау сөз сөйлеп, қазақ тілі пәні мұғалімі онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Орыс тілі пәні мұғалімі Жылқыбаева А.Т. орыс тілі туралы оқушыларға қызықты мәліметтер айтып берді. 8-сынып оқушысы Дауылбай Ақбаян «Тілім-тірегім» атты өзінің арнауын оқыды.
Онкүндік барысында тәрбие ісінің меңгерушісі Баймаханова Г.Т. мен аға тәлімгер Жанайдарова А.Т.Д.-ның ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар» атты спорттық сайыстар өтті. Сайыста «Тұлпар» және «Сұңқар» топтары қатысып, күш сынасты. 1-кезең----«Сәлемдесу» «Приветствие, 2-кезең----«Қыз қуу» «Догони девушку, 3-кезең----«Аударыспақ» «Перевертыши» 4-кезең----«Қораздар сайысы» «Бой петухов», 5-кезең----«Жұлдызды сәт» (жеңімпаздарды анықтау) «Звездный час» (награждение победителей) кезеңдерінен тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша «Тұлпар» тобы басымдық танытып, 1-орныға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.
Ағылшын тілі пәнінен жас маман Нұрмағанбет Сапфира пән бойынша сыныптан тыс жұмыс өткізді.
Оқушылардың тілге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, шығармашылыққа баулу мақсатында 5-9-сынып оқушылары арасында «Тіл-басты байлығымыз» атты шығармалар және өлеңдер сайысы өткізілді. Сайысқа барлық оқушылар белсене қатысып, өздерінің қызығушылықтарын таныта білді. Өлең шығару сайысы қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы Дауылбай Ақниет пен 6-сынып оқушысы Тасберген Серіктің, 9-сынып оқушысы Еслямова Жадыраның өлеңдері үздік деп танылып, аудандық «Мектеп жаршысы» газетіне жіберілді. Шығармалар сайысы бойынша 6-сынып және 9-сынып оқушыларының шығармалары жоғары бағаланып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Бала тілі бал» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, әндер айтты. Мақа-мәтелдер, нақыл сөздер туралы білімдерін ортаға салды.
Жоғары сыныптар арасында «Тіл-халық жаны» атты қабырға газеттерінің сайысы өткізілді. Сайысқа 5-6-сынып, 7-8-сынып және 9-сынып қатысып, үш тілде газеттер шығарды. Сайыс қорытындысы бойынша 9-сынып оқушылары қазақ тілінде өз шығармашылық жұмыстарын көрсеткендіктен 1-орынға ие болса, 2-орынға эстетикалық талғамға сай жасалғандықтан 5-6-сынып, 3-орынға 7-8-сынып оқушылары ие болды.
Онкүндік барысында үш тілде «Ән-көңілдің ажары» атты әндер сайысы өтті. Сайысқа үш топ қазақша, орысша, ағылшынша әндер айтып сайысты. Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша 5-6-сынып оқушылары 1-орынға, 7-8-сынып және 9-сынып 2-орынға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Тілдер мерекесінің қорытындысы ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Т.Қалымжановнаның ұйымдастыруымен «Жас тілші» атты мектепішілік газет шығарылып, оқушылар мен мұғалімдерге ұсынылды. Оған оқушылардың шығармашылық жұмыстары, мақал-мәтелдер, өлеңдері енгізілді.
Онкүндіктің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар шағын сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жауапты: С.Т.Қалымжанова
Достарыңызбен бөлісу: |