Mедицина, №2, 2014 акушерство и гинекология



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата18.06.2020
өлшемі0,67 Mb.
#73829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Акушерия
Акушерия, Акушерия
Босанушы Ш., 30 жаста. Жүктілігі – V, босануы – 

V.  Диагнозы:  Мерзімінде  жүктіліктің  37­38  аптасында 

босану.  Монохориалды­диамниотикалық  егіз  жүктілік. 

Көпбосанушы. Ұрықты жоғалту синдромы. Гипотониялық 

қан кету. Жатыр қуысын қолмен тексеру.

1.  2006  ж.  Мерзімінде  босану,  салмағы  –  2800,0  г, 

ерекшеліксіз.

2.  2008  ж.  Мерзімінен  ерте  босану,  егіз  жүктілік, 

туылғаннан кейін 2 сағаттан соң қайтыс болған.

3.  2009  ж.  Мерзімінде  босану,  салмағы  –  3200,0  г, 

ерекшеліксіз.

4. 2013 ж. – Осы жүктілік.

Көрсетілген көмек:

 

Бос  мед.қызметкерлердің  мобилизациясы  жасал­



ды  (акушер,  білікті  акушер­гинеколог,  анестезиолог­

реаниматолог, лаборант шақырылды).

 

Қан кету көлемі анықталды – 550,0 мл.



 

Өмірлік маңызды ағзаларды (АҚҚ, пульс, температура, 

ТАЖ) және әйелдің жағдайын бағалау жүргізілді.

 

Мед.қызметкер қарқынды терапия картасын жүргізу 



үшін тағайындалды.

 

Қуықты катетерлеу жасалды.



 

Кристаллоидтарды  (3:1  қан  кету  көлеміне)  және 

утеротониктерді  енгізу  үшін  екі  шеткері  қан  тамырын  

катетерлеу (№№ 14­16 G) жасалды. NaCl 0,9% 500,0 мл + 

10 Б. Окситоцин көк тамырға енгізілді.

 

Әйелді  жылыту  үшін  ылғалды  төсеніштер  құрғаққа 



ауыстырылды.

 

Қан  тобын,  Rh­фактор,  сәйкестілікке  қан  алу,  ЖҚА, 



коагулограмма, қан ұю уақытын анықтау жүргізілді.

 

Жатыр қуысын қолмен зерттеу жүргізілді.



 

Тік ішекке 1000 мг мизопростол жасалды. 

Босанғаннан кейінгі қан кету – табиғи босану жолдары 

арқылы босану кезінде 500 мл және одан жоғары, кесар 

тілігі  операциясы  кезінде  1000  мл  және  одан  жоғары 

клиникалық маңызды қан кету.

Жіктелуі: 

1. Ерте (босанғаннан кейін алғашқы 24 сағат). 

2. Кеш (босанғаннан кейінгі 24 сағат пен 6 апта).

Қан  кетудің  негізгі  себебі  –  жатырдың  атониясы. 

Жатырдың  атониясы­жатыр  тонусының,  жиырылғыштық 

қасиеті  мен  қозғыштығының  төмендеуі.  Жатыр  бұлшық 

еті  механикалық,  физикалық  және  медикаментозды 

тітіркендіргіштерге әсер етеді, бірақ жауап қайтару деңгейі 

тітіркендіргіштің  күшіне  сәйкес  емес.  Мерзіміне  жеткен 

жүктілікте жатыр артериясындағы қан ағысы жылдамдығы 

– 600­800 мл/мин. 

Клиникасы:

 

Қан алдымен жатыр массажынан кейін ұйынды түрінде 



бөлінеді. Жатыр болбыр, жатыр түбі кіндіктен жоғары ор­

наласады. 

 

Жатыр тонусы жатыр массажынан кейін қалпына келуі 



мүмкін,  бірақ  қайтадан  төмендейді.  Қан  шапшып  ағуы 

мүмкін. 


 

Уақытылы  көмек  көрсетілмесе  қан  ұйығыштық 

қасиетінен айырылады.

 

Қан кету көлеміне қарай геморрагиялық шок клини­



касы басталады.

Жатырдың  атониясына  байланысты  қан  кету  жиілігін 

босанудың  үшінші  кезеңін  белсенді  жүргізу  арқылы 

төмендетуге  болады.  Үшінші  кезеңді  белсенді  жүргізуге 

жатады:

Утеротоникалық заттарды енгізу;

Кіндіктің бақылаушы тракциясы;

–  Бала  жолдасы  туылғаннан  кейін  жатырдың  масса­

жы.

Қан кету көлемін анықтау әдістері: 



– Визуальды әдіс (30%); 

1­ші сурет – Қазақстан Республикасындағы соңғы  

6 жылдағы ана өлімі көрсеткіші





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет