Медицина факультеті


Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін маңызды нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдарының гидролизі. ДНҚ-ның біріншілік және екіншілік құрылымы



бет56/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

44. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін маңызды нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдарының гидролизі. ДНҚ-ның біріншілік және екіншілік құрылымы.

ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталды. Оларды гидролиздегенде, әр түрлі заттардың қоспасы түзіледі. Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил тобы мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік байланыс түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан жалғасады. ақуыздар сияқты нуклеин қышқылдары әр түрлі болады. Олардың организмдегі функциясыда әралуан. Нуклеин қышқылдарының да ақуыздар сияқты әр түрлі құрылымдары болады.


Нуклеин қышқылдарының бірінші реттік құрылысын түзетін мономерлер – нуклеотидтер. Бір мононуклеотидтің дезоксирибозасы жəне екінші мононуклеотидтің фосфаты көмегімен нуклеотидтер өзара байланысып жалғасады, ұзын полинуклеотидтік тізбек түзеді. Осындай тізбектегі нуклеотидтердің орналасу тəртібін ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы деп атайды. Нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік байланыстар түзуге 3' жəне 5' жағдайдағы пентоза қалдығының гидроксил топтары қатысады. Полидезоксирибонуклеотид скелеті (қаңқасы) қайталанып келіп отыратын дезоксирибоза жəне фосфатты топтардан тұрады. Дезоксирибонуклеин қышқылдарының екінші реттік құ рылымын 1953 жылы жас биохимиктер Дж. Уотсон жəне Ф. Крик анықтады. Олардың теориясы бойынша, ДНҚ молекуласы кеңістікте антипараллель орналасқан қос қабат спиральға ұқсайды (бір тізбек 5'→3' бағытында екіншісі 3'→5'). Екі полинуклеотид тізбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азотты негіз арқылы байланысады дейді. Азотты негіздер спиральдың ішіне қарай орналасқан, ал пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған Қос қабат спиральдегі азотты негіздердің байланысуы ерекше: бір тізбектегі аденинге екінші тізбектің тимині, ал гуанинге екінші тізбектің цитозині қарсы орналасады. Осылай орналасуды ДНҚ тізбегіндегі сəйкестік немесе комплементарлық дейді жəне ол тірі материяда генетикалық қасиеттердің сақталуында, ұрпақтан-ұрпаққа берілуінде ерекше маңызды қызмет атқарады. Қос қабат спиральді тізбекті азотты негіздер арасындағы сутектік байланыс жəне гидрофобтық əрекеттесулер (Стекинг байланыстары) біріктіріп бекітеді. Мұнда аденин мен тимин екі сутектік байланыс түзеді, ал гуанин мен цитозин үш сутектік байланыс түзеді.Бір спиральдің бойында азоттық негіздің 10 жұбы орналасады.


45. Жоғары май қышқылдары (ЖМҚ) - сабындалатын липидтердің құрылымдық компоненттері. Қаныққан және қанықпаған май қышқылдары. Маңызды өкілдердің құрылымдық формулаларын жазыңыз. ЖМҚ биологиялық маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет