Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет46/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

60. «Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
191. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша медициналық жоғары білім, «Мейіргерлік іс», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша бакалавриат немесе «Емдеу ісі», «Акушерлік іс» мамандығы бойынша сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитарлық фельдшер» мамандықтары бойынша орта (техникалық немесе кәсіби» медициналық білім (еңбек өтілінде жыл немесе одан да көп үзіліс болған тұлғалар үшін), «Стоматология», «Тіс дәрігері» мамандығы бойынша 2003 жылғы 11 ақпанға дейін осы лауазым бойынша жұмысқа орналасқан мамандар.
192. Оқыту ұзақтығы:
1) қайта даярлау курстарында - 432/8 сағат/апта, 648/12 сағат/апта;
2) біліктілікті арттыру курстарында – 54/1-ден 108/2 сағат/аптаға дейін;
3) сертификаттау циклдерінде 108/2 сағат/аптадан бастап 54/1 сағат/аптаға дейін.
Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағаттан 60 сағатты құрайды, оның ішінде 36-дан 40 сағатқа дейін – аудиториялық (академиялық) сағат, 18-20 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
193. «Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Фельдшер-акушерлік пункттегі фельдшердің жұмысы»;
«Жедел жедел жәрдем фельдшерінің жұмысы»;
«Білім беру жүйесі фельдшерінің жұмысы»;
«Наркологиялық қызмет фельдшерінің жұмысы»;
«Туберкулезді бақылаудағы фельдшер жұмысы»;
«Педиатрияда көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек;
«Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек»;
«Балалар жасындағы ауруларды нтеграциялап жүргізу»;
«Жұқпалы аурулар. Өзекті мәселелері»;
«Инфекциялық бақылау. Ұлттық деңгейдегі және емдік-алдын алу ұйымдар деңгейіндегі инфекциялық бақылау бағдарламалары»;
«АИТВ/ЖИТС алдын алудағы фельдшердің рөлі;
«Электрокардиография» және тағы басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет