Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет7/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

8. «Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

35. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


36. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицина», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864 сағат/16 апта, балалар гематологиясы бойынша қайта даярлаумен қоса – 432 сағат/8 апта, ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.

37. «Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:


«Гематологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу сатыларындағы шұғыл гематология»
«Гематологияның өзекті мәселелері»;
«Гематологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Гемобластоздар диагностикасы және емдеу»;
«Гемостаздың бұзылуынан болған қан ауруларын диагностикасы және емдеу»;
«Анемия диагностикасы және емдеу»;
«Лимфопролиферативтік аурулар диагностикасы және емдеу»;
«Миелопролиферативтік аурулар диагностикасы және емдеу»;
«Гематологиядағы инфекциялық асқынулар»;
«Гемобластоздарда өзекті гемопоэздік жасушаларын трансплантациялау»;
«Өзекті гемопоэздік жасушаларын және сүйек кемігін алмастырумен жүретін жоғары дозалық полихимиотерапия жүргізу кезіндегі қосымша терапия»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет