3. «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
20. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғаларға қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.
21. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде –1080 сағат/20 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
22. «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Жалпы дәрігерлік практикадағы инновациялық технологиялар»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы педиатрияның өзекті мәселелері»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы терапияның өзекті мәселелері»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы хирургиялық аурулар»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы фтизиатрияның өзекті мәселелері»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы жұқпалы аурулар»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы акушерия мен гинекологияның өзекті мәселелері»;
«Жалпы дәрігерлік практикадағы неврология, психиатрия және наркология мәселелері»;
«Жалпы дәрігерлік практикада оториноларингологиялық, офтальмологиялық науқастарға диагностика жасау және шұғыл көмек көрсету»;
«Дәрігерлік амбулатория жағдайында науқастарға динамикалық бақылау жасау»;
«Зерттеудің зертханалық әдістерін түсіндіру»;
«Жалпы дәрігерлік практикада диагностика жасаудың аспаптық әдістері»;
«Жүктілік кезіндегі экстрагенитальді патология»;
«Дәрігерлік манипуляцияларды орындау техникасы бойынша практикалық курс»;
«Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетудің өзекті мәселелері».
4. «Кардиология, оның ішінде интервенциялық кардиология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
23. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.
24. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 864 сағат/16 апта, «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша – 1080 сағат/20 апта; ересектер кардиологиясы бойынша қайта даярлау циклінда – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар кардиологиясы бойынша қайта даярлау циклінда – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы) 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
25. «Кардиология, оның ішінде интервенциялық (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Кардиологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу сатысындағы шұғыл кардиология»;
«Интервенциялық кардиологияның өзекті мәселелері»;
«Амбулаториялық және стационарлық кезеңдегі балалар кардиологиясының өзекті мәселелері»;
«Превентивті кардиология»;
«Жүрек- қан тамыр патологиясы бар науқастарды амбулаторлық қарау»;
«Жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және тахикардияның радиожиілікті аблациясы»;
«Кардиологиядағы (ересектер, балалар) диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Клиникалық аритмология»;
«Балалар жасындағы аритмология»;
«Балалар кардиологтарының мектебі»;
«Кардиологиядағы сауықтыру және қарқынды терапия (симуляциялық платформаларды пайдаланумен болатын практикалық курс)».
Достарыңызбен бөлісу: |