Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Патологиялық анатомия (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет33/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

42. «Патологиялық анатомия (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
137. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялық бейін интернатура.
138. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер патологиялық анатомиясы бойынша қайта даярлау циклдерінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар патологиялық анатомиясы бойынша қайта даярлау циклдерінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
139. «Патологиялық анатомия(ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Ұрық, нәресте және балалар жасындағылардың анатомиясы мен физиологиясы»;
«Ұрық, нәресте және балалар жасындағылардың эмбриология және гистология негіздері»;
«Патологиялық анатомия және соттық медицина теориясы мен тәжірибесіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер»;
«Клиникалық патоморфология: Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздар құрылысының қағидаттары. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздарды салыстыру алгоритмі. Айырмашылық себептері мен санаттары. Клиникалық диагностика сапасын бағалау»;
«Клиникалық патоморфология: Ятрогенді патология (ятрогениия) түсінігі. Ятрогенияны жіктеу қағидаттары. Ятрогенияны бағалау санаттары. Акушерия-гинекологиялық практика мен хирургиядағы ятрогения. Реанимация және қарқынды терапия асқынулары»;
«Клиникалық патоморфология: Клиника-анатомиялық конференцияны өткізу қағидаттары және өлім-жітімді зерделеу бойынша комиссияның жұмысы. Клиникалық диагностика сапасын бағалау әдістері»;
«Балалар жасындағы инфекциялық патология. Перинаталды инфекциялар: этиология, патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия. Жұқпалы ауруларды ашу ерекшеліктері»;
«АИТВ-инфекциясының клиникалық-морфологиялық диагностикасы. Перинаталды АИТВ-инфекциясының патоморфологиялық ерекшеліктері»;
«Патологиялық анатомиядағы инновациялық технологиялар»;
«Онкоморфологиядағы гистологиялық диагностиканың өзекті мәселелері»;
«Ісік және ісікалды процестердің қабыну табиғатындағы акушерлік-гинекологиялық аурулардың морфологиялық диагностикасы»;
«Табиғаты жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пре- және перинаталды кезеңдегі морфологиялық диагностикасы. Ұрық және нәресте патологиясы»;
«Патологиялық анатомиядағы гистологиялық техника негіздері және гистологиялық заманауи зерттеу әдістері»;
«Тіс-жақ жүйесі мен ауыз қуысы ағзалары патологиясының патоморфологиялық ерекшеліктері».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет