Медициналық қалдықтардың жіктелуі және қалдықтардың қоршаған ортаға әсері
Қалдықтардың әр түрін жинау, жою, зиянсыздандыру және кәдеге жарату, олардың зиянды әсерінен халықты және қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелрі кез-келген аймақтың стратегиялық даму жоспарында маңызды орын алады және халықтың қауіпсіздігінің маңызды эпидемиологиялық және экологиялық құрамдас бөлігі болып табылады.
Ең алдымен, медициналық қалдықтар емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлері үшін эпидемиологиялық қауіпті: қызметкерлер науқастарға қолданылған шанышпалы қалдықтармен дұрыс жұмыс істемеген жағдайда, байқамай инфекцияларды жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, зарарсыздандырылмаған қалдықтар полигондарға, қоқыс тастайтын жерлерге, контейнер алаңдарына түскен жағдайда халыққа қауіп төндіреді.
Сонымен қатар, құрамында сынабы бар шамдармен ұқыпсыз жұмыс істегенде және оларды жою кезінде қауіптілік тудырады.
Денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы дамыту сатысында медициналық көмектің сапасын жетілдіру, диагностикалық және емдеу-профилактикалық шараларының көбеюі, адамдардың денсаулығын сақтауға жаңа технологияларды енгізу емдеу-профилактикалық мекемелерінде медициналық қалдықтар көлемінінің артуымен қатар жүреді, соның салдарынан медициналық қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсері артады.
Медициналық қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мынадай принциптерді ескеру керек: қалдықтардың қауіпсіздігін білу, қалдықтардың жіктелуі, технологияларды бағалау. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде аймақтық ерекшеліктер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесі құрылуы тиіс. Қалдықтардың қауіпсіздігіне баға бергенде қалдықты жасаушы келесі қағидаларды ұстануы керек:
Әрбір өндіруші, өзінің қалдықтарының адам үшін қауіп-қатер төндірген кезінде жауапты.
Қалдықтардың адам үшін қауіпсіздік принциптерін медициналық қалдықтардың түзілген орындарында, ауруханаішілік тасымалдау кезінде, уақытша сақтау орындарында, қалдықтарды жою мен кәдеге жарату орындарына тасымалдау кезеңінде қатаң ұстану.
Медициналық персоналдың жарақат алуы мен қан арқылы жұғатын инфекциялардың жұқтыруын азайтудағы маңызды аспекті үшкір медициналық қалдықтарды жинау үшін бір реттік арнайы - жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлерді (бұдан әрі – ЖҚКЖК) пайдалану болып табылады. Бұл қазіргі қолданыстағы заңнамада регламенттелген.
Персоналдың жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі, уақытында екпе алуы, арнайы дайындығы, медициналық ұйымдарда бір реттік медициналық өнімдерді пайдалану – осының бәрі ауруханаішілік инфекциялардың алдын –алудың негізгі шаралары.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының таралу жолдары мединицинада жақсы зерттелген, сондықтан егер де жұмыс істеу кезінде гигиенаның қарапайым қағидаларын орындап, сақтық шарасын жасасаңыз жұқтыру қаупін оншақты ретке төмендетуге болады.
Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар ережесі мен нормалары
Жалпы ережелер
1) медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын сан-эпид талаптар, сан-эпид ережелер мен нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
2) медициналық қалдықтарды көмуәрі қарай қолдануға жатпайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында жіберілген және оларды қайтып қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, зарарсыздандырылған медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру.
3) медициналық қалдықтар - медициналық көмек көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында түзілетін қалдықтар.
4) медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру-механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою.
5) медициналық қалдықтарды сақтау-тасымалдау және жою мақсатында алып кеткенге дейін арналған жабдықталған үй-жайларда, контейнерлерде медициналық қалдықтарды ұстамау.
6) нысананың жауапты адамдары осы санитарлық ережедегі үлгі бойынша журналда медициналық қалдықтардың санын және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді.
7) медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиген сәттен бастап белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.
Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша 5 класына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |