Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК



бет69/286
Дата22.08.2017
өлшемі29,41 Mb.
#24263
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   286
Сұрақтар:

  1. Матрицаның қандай түрлері бар?

  2. Қандай матрица транспонирленген деп аталады?

  3. Қандай матрицалардың анықтауышы болады?

  4. Екінші ретті анықтауыш қандай формула бойынша есептеледі?

  5. Үшбұрыштар ережесі қалай анықталады?

  6. Матрицаның миноры, алгебралық толықтауыш дегеніміз не?

  7. Қандай жағдайда анықтауыштарды есептеуде минорлар әдісі қолданылады?

  8. Кері матрица қалай табылады?

  9. Матрицаның рангісі дегеніміз не?

  10. Матрицаның рангісі қалай анықталады?


Тақырып 2. Сызықтық теңдеулер жүйесі
Мақсаты: Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу дағдыларын қалыптастыру. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін үйрету.
Оқытудың міндеті:

  • Сызықтық теңдеулер жүйесінің түрлері туралы білімді қалыптастыру;

  • Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешу дағдысын қалыптастыру;

  • Кәсіби әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

  • Командада жұмыс iстейтiн тұлға аралық қарым-қатынастың дағдыларын жетiлдiру.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Теңдеулер жүйесінің біртектілігі. Кронекер – Капели теоремасы.

  2. Жордан – Гаусс итерациялық әдісі.

  3. n белгісіздер үшін n теңдеулер жүйесін шешудің Крамер ережесі.

  4. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің матрицалық әдісі.


Оқыту әдістері: ситуациялық есептер (сызықтық теңдеулер жүйесін әртүрлі әдістермен шешу).
Көрнекі құралдар: оқу кестелері.
Практикалық сабақтың құрылымы мен өткізу жоспары, сағаттарын бөлу.




Практикалық сабақ құрылымы

Уақыты

1.

Студенттердің сабаққа қатысуларын тексеріп, келмеген, сабаққа дайындалмаған себептерді айқындау.

5 мин.

2.

Сабақ тақырыбын жариялап, студенттердің сабаққа дайындығын бақылау сұрақтары бойынша тексеру.

10 мин.

3.

Студенттердің өзіндік жұмыстары.

40 мин.

4.

Оқытушы студенттердің тапсырмаларын орындау барысындағы жіберген қателерін талдап, тақырып бойынша негізгі мәселелерге тоқталады.

10 мин.

5.

Бақылау жұмысын шешу.

30 мин

6.

Білімді жалпы бағалау

3 мин.

7.

Келесі сабаққа тапсырмалар.

2 мин.

Құзыреттілікті қалыптастыру саны: практикалық дағды.
Әдебиеттер:

  1. Шипачев В.С. “Высшая математика” М, 2003ж.

  2. Баврин И. И. “Курс высшей математики для химико-биологических и медицинских специальностей”. Москва. “Просвещение” 1985ж.

  3. К.Н. Лунгу, Д.Т. Письменный «Сборник задач по высшей математике». Москва.

Айрис Пресс 2004ж.

  1. Р.Т. Кельтенова Линейная алгебра. Алматы 2002 ж.


Бақылау:

Студент білімді қорытынды бағалауға арналған «Бақылау-өлшеу құралдары» тесттер жиынтығындағы тесттерге жауап береді.



Есептер:

Студенттердің өзіндік жұмысы.

1. Сызықты теңдеулер жүйесін Крамер, матрицалық және итерациялық әдістерімен шешу.



а) б)

2. Приборкада субстраттың үш түрімен қоректенетін үш түрлі бактерия өнуде. сіj компаненті і-ші түрдегі бактерияның күніне орташа есеппен j-ші субстраттың мөлшерімен қоректенетінін көрсететін сі=(cі1,cі2,cі3)-ді бактерияның і-ші түрі үшін. қоректену векторы ретінде анықтаймыз. с1=(1,1,1), с2=(1,2,3) және с3=(1,3,5) болсын. Приборкаға күнделікті бірінші субстраттан 20000 бірлік, екіншісінен 30000 бірлік және үшіншісінен 40000 бірлік салады деп ұйғарамыз. Бактерияны күнделікті тиісті субстратпен толықтай қоректенеді деп ұйғара отырып, берілген ортада өнетін бактерияның үш түрінің популяция санын анықтау керек. Бұл сан жалғыз бола ала ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет