Сізден мына мақсатта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді сұраймын: - Сізден мына мақсатта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді сұраймын:
- 1) мүгедектікті белгілеу: мүгедектікті алғашқы белгілеу, мүгедектікті қайта белгілеу (қайта куәландыру), мүгедектік себебінің өзгеруі (керегінің астын сызу);
- 2) жалпы еңбекке қабілетінен айрылу дәрежесін, кәсіптік еңбекке қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу (керегінің астын сызу);
- 3) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) қалыптастыру, ОЖБ түзету, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығын айқындау (керегінің астын сызу).
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеуге арналған медициналық көрсетілімдер - 1. Мүгедектігі бар бала санаты немесе бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар бала санаты 6 ай немесе 1 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.
- Мүгедектікті белгілеу 6 ай немесе 1 жыл мерзімге бұзылған функцияларды қалпына келтіру немесе едәуір жақсарту, адамның толыққанды өмірге оралу мүмкіндігін көздейді:
- 1) бас-ми жарақатынан, нейроинфекциядан және жүйке жүйесінің басқа да органикалық ауруларынан кейінгі шамалы білінетін қозғалу, психикалық, сөйлеу бұзылушылықтары;
- 2) операциядан кейінгі кезеңде (6 айдан астам) ұзақ мерзімді қалпына келтіру және оңалту іс-шараларын талап ететін жай-күй;
- 3) ағымының ұзақтығы 2 айдан асатын геморрагиялық васкулит кезінде туындаған патологиялық жай-күйлер (екі және одан да көп синдромдардың үйлесуі);
- 4) асқазанның, ұлтабардың жара ауруының асқынған ағымы;
- 5) дененің артық салмағы аясында 2-типті орта дәрежедегі қант диабеті;
- 6) процесс белсенділігінің жоғары дәрежесі 3 айдан асатын дәнекер тіннің диффуздық зақымдануынан туындаған патологиялық жай-күйлер;
2. Олардың негізінде мүгедектігі бар бала санаты немесе бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар бала санаты 2 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер. - 2. Олардың негізінде мүгедектігі бар бала санаты немесе бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар бала санаты 2 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.
- Бұл топқа қалпына келтіру немесе жақсарту әжептәуір уақыт аралығын қажет ететін немесе болжамы белгісіз патологиялық жай-күйлер енеді:
- 1) сөйлеу, көру, есту қабілеттерінің бұзылуымен немесе оларсыз жүріп-тұрудың біркелкі білінетін тұрақты бұзылуы (бір немесе бірнеше буынның парезі, плегиялары, тұрақты гиперкинездер, қимыл үйлесімінің бұзылуы және т.б.);
- 2) сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылуы (алалия, афазия, түзеуге келмейтін түрі), дизартрия мен кекештенудің ауыр түрі;
- 3) омыртқа жұлынының зақымдануынан болған жамбас органдары функцияларының білінетін бұзылуы;
- 4) тұрақты терапевтік резистентті эпилептиформалық жай-күйлер (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиі болатын шағын және тырыспасыз ұстамалар аптасына (2-3 рет);
- 5) ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психопатиялық жай-күйлер;
- 6) есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының, басқа да органдардың немесе жүйелердің функциялары мен мінез-құлықтың патологиялық нысандарымен ұштасатын жеңіл ақыл-ой кемістігі;
- 7) тұрақты әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соқтыратын
- мінез-құлық патологиясы, эмоционалдық-жігер аясының бұзылуы;
Достарыңызбен бөлісу: |