Мүгедектік мынадай мерзімдерге ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ: - Мүгедектік мынадай мерзімдерге ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ:
- жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе жеті жасқа толғанға дейін;
- жеті жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа толғанға дейін;
- он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.
Он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулардың, ақаулардың тізбесі - 1. ІІІ дәрежелі созылмалы тыныс алу жетіспеушілігімен ауыр ағымымен сипатталатын тыныс алу жүйесі функцияларының едәуір айқын білінетін бұзылулары бар тыныс алу органдарының аурулары; ІІІ сатылы созылмалы өкпе-жүрек жеткіліксіздігі.
- 2. Операциямен емдеу мүмкін болмаған кезде ІІІ сатылы созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен және/немесе 4-5-сатылы бүйректің созылмалы ауруымен үйлескен қанайналым жүйесінің аурулары.
- 3. Қайта куәландыру кезінде созылмалы үдемелі ағымы бар нерв жүйесінің аурулары, оның ішінде нейробұлшықет, қаңқа және қозғалыспен байланысты (статодинамикалық) функциялардың, тілдік және сөйлеу, сенсорлық (көру) функциялардың тұрақты айқын білінетін, едәуір айқын білінетін бұзылулары бар бас миының нейродегенеративті аурулары (паркинсонизм плюс).
- 4. Қайта куәландыру кезінде нейробұлшықет, қаңқа және қозғалыспен байланысты (статодинамикалық) функциялардың, психикалық, тілдік және сөйлеу функцияларының тұрақты айқын білінетін, едәуір айқын білінетін бұзылулары бар экстрапирамидті және басқа да қозғалыс бұзылыстары.
- 5. Қайта куәландыру кезінде нейробұлшықет, қаңқа және қозғалыспен байланысты (статодинамикалық) функциялардың, психикалық, сенсорлық (көру), тілдік және сөйлеу функцияларының тұрақты едәуір айқын білінетін бұзылулары бар цереброваскулярлық аурулар.
- 6. Органдар мен организм жүйелері функцияларының едәуір айқын білінетін көптеген бұзылулары бар 1 немесе 2 типтегі қант диабеті (екі аяқтың да ІV сатылы созылмалы артериялық жеткіліксіздігімен, пролиферативті ретинопатиямен, 3-5-сатылы бүйректің созылмалы ауруымен).
Достарыңызбен бөлісу: |