Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЕРЕЖЕСІ:
• Стационарда және бөлімде жұмыс тәртіпті болу керек. Субординацияны, яғни кіші медицина қызметкерінің жоғарғы медицина қызметкеріне деген қатынасын сақтау керек.