«Медициналық және фармацевтикалық тауартану»


Иллюстрациялық материалдар



бет18/51
Дата08.02.2022
өлшемі354 Kb.
#123030
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
Медициналық-және-фармацевтикалық-тауартану

4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)


5. Әдебиет


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Шыны және фарфордан қандай медициналық бұйымдарды дайындайды?

  2. Шыны бұйымдары дегенді қалай түсінесіз?

  3. Медицина мен фармацияда қандай шыны түрлері қолданылады?

  4. Металл бұйымдарын алудың қандай әдістерін білесіз?

  5. Керамикалық бұйымдарға қандай заттар жатады?



1. Тақырыбы №:8 «Пластикалық массалар және басқа да металдық емес материалдар»


2. Мақсаты: Студенттерді пластикалық массалар мен басқа да металдық емес материалдармен таныстыру.


3. Дәріс тезистері: Медицина мен фармацевтикалық тәжірибеде полимерлі материалдар көп қолданысқа ие. Полимерлер – пластмассаның негізгі құрамдас бөлігі. Пластмассалар, катетер, беждер мен медициналық құралдар және аппаратты қондырғыларға бөлшектер жасауда қолданылады. Пластмассаның бағалы қасиеттері: улы емес, биологиялық ортаға инертті, тұрақтылық және т.б. кей кезде иілгіштігі менқалыпқа келу қасиеті де бар. Пластмасса алудың негізгі шикізаты – синтетикалық шайыр. Пластмасса алу процесінде синтетикалық шайырға әр түрлі толықтырғыштар – ағаш ұны, асбест, мақта қалдықтарын қосады. Бұл толықтырғыштар пластмассаға келесі қасиеттер береді – электроөткізгіштік, ылғалға тұрақтылық, беріктік. Иілгіштігін арттыру үшін пластификаторлар мен пигмент пен болу түрінде бояғыштар қосады. Барлық қоспалар, токсикологиялық зерттеу мен технологиялық регламент бекітілгеннен кейін қосылады.
Пластмасса түрлері:

  1. Поливинилхлорид – бензин, спирт, қышқыл мен сілті әсеріне тұрақты. Поливинилхлоридтен химиялық аппаратуралар, төсейтін төсенгіш, көзілдірікке оправа жасалады.

  2. Капрон - әртүрлі химиялық заттардың әсеріне тұрақты және берік. Капроннан тігу заттарын, дәріханалық және медициналық аппаратураның бөліктерін жасайды.

  3. Полистирол – электроизоляциялық зат, электроаппаратура, бір рет пайдалануға арналған шприцтер, ыдыстар жасалуда қолданылады.

  4. Полиэтилен – химиялық жылы турақтылығымен аса бағалы, газды, оттегі мен дем алу аппаратурасының бөлшектерін (түтіктер, шлангтер), дем алу мен қанайналу аппараты және орау-буу материалдары жасалады.

Пластмасса бұйымдарын жасау технологиясы – пресстеу тәсілі, қысыммен құю және сығып шығару тәсілдерін қолданылады.

  1. Пресстеу – прессформаларда жүзеге асады, беттері, тегіс, жылтыр. Бұл тәсілмен медициналық және фармацевтикалық аппараттарға күрделі бөлшектерді алады.

  2. Құю – қысыммен пресс+машина+бірнеше атмосфера қысыммен машинамен жүзеге асады. Нақтылықты қажет ететін аппараттарда, нақты бөлшектерді жасауда қолданылады.

  3. Сығып шығару тәсілі – бұл тәсілмен катеторлар мен пластмасты түтіктер жасалады. Басқа заттардың ішінде медициналық бұйымдарды жасау үшін ағаш, картон, тері мен теріалмастырғыш және гипсті қолданады. Ағаштың жақсы өңделуі, боялуы, әрлеу мен лакталуы, оған жақсы сыртқы келбет беруі ағаштан медицинада дәріханалық жиhаз дайындалады. Картон мен қағаздан, теріалмастырғыштан футляр, аппараттар мен қондырғыларға бөлшектер жасалады. Ағаштың кемшілігі ылғалға тұрақты емес және жанғыштығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет