Термиялық өңдеу туралы түсінік.
Болаттың қаттылығы мен беріктігін арттыру термиялық өңдеуге байланысты, белгілі температураға дейін ысытып, нақты жылдамдықпен суыту. Бірақ бұл процесстің сыртқы түрі. Болатты ысыту мен суыту кезінде құрылымдық өзгерістер болады, соның нәтижесінде оның механикалық қасиеттері өзгереді. Термиялық өңдеу мен ережелері металлтануға негізделген.
Тот баспайтын болат.
Көміртекті болаттар коррозияға (тот басуға) бейім, сондықтан одан жасалған медициналық бұйымдарын никель немесе хром қабатымен қаптайды, гальваникалық тәсілді қолданып соңғы жылдары медициналық құрал-жабдықтардың көпшілігін легирленген, тот баспайтын болаттан дайындайды. Тот баспайтын болат екі түрлі класс бойынша шығарылады: шыныққан немесе мартанситті және шынықпаған немесе аустенитті классты. Шынықтыру қабылдайтын болаттар – хромды (хромның орташа мөлшері 13%) 20х13, 30х13, 40х13 таңбалы. Бұл көрсеткіш бірінші сан, пайыздың жүздік бөлігіндегі болаттағы көміртектің орташа мөлшері, ал соңғы 2 сан – пайыздағы хром құрамы, бұл болат таңбасы тот баспау үшін 2 шартты ұстау керек: бұйым шыныққан және полирленген болуы тиіс. Шынықтыру кезінде біркелкі құрылым алынады, оған қаттылықты болат цементиті мен хром карбиді береді.
Достарыңызбен бөлісу: |