«медициналық-профилактикалық іс» мамандығЫ Үшін дәрістер жинағЫ



бет5/23
Дата02.11.2023
өлшемі202,29 Kb.
#189117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
МПФ-лекция-каз

Реактивтіліктің түрлері

  • Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)

  • Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)

  • Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.

  • Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)

және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.
Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік – антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік – иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.
Дене бітімі (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.
Жеке тұлға ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.
Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:

  • Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.

  • Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен

  • Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.

Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:

  • Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).

  • Аурулардың созылмалы түрде өтуі.

  • Патологияның көптігі

  • Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы

  • Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.

Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.


Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі


Әдебиеттер:
Негізгі

      1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

      2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307

      3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

      4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

      5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41 - 44.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

  4. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза, Алматы, 1998.– 175с.

  5. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

  6. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. реактивтіліктің түрлері.

  2. төзімділіктің түрлері.

  3. М.В. Черноруцкий бойынша конституцияның жіктелуі.

5. тақырып ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ




Сабақтың мақсаты:
Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістерінің (жедел кезеңнің жауабы, стресс, сілейме, кома) этиологиясы, патогенезін және организм үшін маңызы туралы білімін қалыптастыру
Дәрістің жоспары:

  1. Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.

  2. «Жедел кезеңнің жауабы», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жедел кезең жауабының» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жедел кезең жауабының» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.

  3. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.

  4. Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.

  5. Кома, түрлері, даму тетіктері.



Дәріс тезистері



Этиологиялық жайт


Тіндердің зақымдануы

Жергілікті серпілістер жалпы серпілістер:

(қабыну жедел кезеңнің жауабы, қызба, стресс, сілейме)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет