Медициналық құралдарды өңдеу реті. Алдын-ала (1-шілік) зарарсыздандыру


Медициналық қажетті құралдарды залалсыздандыру



бет2/9
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#144524
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Залалсыздандыру

Медициналық қажетті құралдарды залалсыздандыру
алдында тазалау сапасын бақылау.
Қан барын анықтау үшін азопирам тексерісі жасалады.
Жуу заттарың сілті компонеттерін анықтау үшін: 1%фенолфталейн қолданылады.
Бақылауға, өңделген құралдардан 1% алынады/кем дегенде 5-6 құрал/.
Азопирам реактивінің көмегімен медициналық қажетті құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау.
- Азопирам реактивті тазалап, жууға әзірленген медициналық құралдары дұрыс өңдемеу нәтижесіндегі анық қан іздерін анықтауға қолданынады.
- Залалсыздандыру алдындағы өңдеуді тоқсанда 1 рет СЭС және ДС өткізеді. ЕМП де өзіндік бақылау аптасында 1 рет жүргізіледі, бөлімнің аға мейірбикесімен ұйымдастырылады және бақыланады.
Азопирам реактивінің көмегімен құралды тазалау алдында өңдеу сапасын анықтау әдістемесі.
1. Реактивтер: амидопирин ұнтағы, тұз қышқылды анилин, 3% су тотығы, 96% этил спирті, дистилденген су. Су 3% су тотығын әзірлеуге қолданылады.
2. Негізгі ерітінділерді әзірлеу:
-1 литр ертіндіге 100 грамм амидопирин және 1,0-1,5 грамм тұз қышқылды анилин алынады. Құрғақ ыдыста заттарды араластырады және 1 л көлемінде 95% этил спиртін құяды. Осы қоспаны барлық ингредиенттердің толық еруіне дейін таяқшамен араластырады. Осылайша азопирамның құрамында 10% амидопирин, 0,10-0,15% тұз қышқылды анилин, қалғаны 96% этил спирті. Дайын ерітінді тығыз жабылған флаконда қараңғы жерде 40С температуда (тоңазытқышта) 2 данада сақталады, қараңғы бөлмеде 18-23С температуда 1 айдан артық емес сақталуы керек. Реактивтің тұнбасыз сақтау процесінде біркелкі сарғайуы оның жұмыс сапасын төмендетпейді. Шамалы көлемді тексеруде 50-200 мөлшермен дайындайды, индикация-реакциясының тотықтырғышы болып 3% су тотығы табылады.
Жұмыс ерітіндісін дайындау.
Жұмыс ерітіндісің тікелей құрамын тазалау сапасын тексеру алдында әзірлеу үшін азопирам мен 3% сутегі тотығының/1:1/ біркелкі мөлшерін араластыра отырып, жұмыстық азопирам ерітіндісінің жарамдылығын, қажеттілігіне орай қанды даққа 2-3 тамшы тамызылуымен тексеріледі.
Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт көкке ауысса реактив қолдануға жарайды. Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса, реактивті пайдалануға болмайды.
Құрамдарды залалсыздандыру алдында сапасын тексеру. Реакция қою әдістемесі.
Жұмыс ерітіндісімен (азопирам 3% су тотығымен 1:1 қатынасында) тексерілетін құрамдарын өңдеу: тампонмен сүртіледі, реактивпен суланған немесе реактивтің бірнеше тамшысын пипетканың көмегімен зерттелетін бұйымға жағады.
Шприцтерге 3-4 тамшы жұмыс ерітнідісін құяды да, бірнеше рет жыл жылжытады, реактивпен ішкі бетін сулау үшін, әсіресе шынымен темір қосылған жерлерін, бұл қан жиі қалатын жер. Реактивті шприцте 0,5-1,0 минутке қалдырып, дәке салфеткасына төгеді.
Инелерді тазалану сапасын тексеру үшін, таза шприцке реактивті сорып алады, кезекпен инені ауыстырып отырып, реактивтен 3-4 тамшы дәке салфеткаға шығарады.
Бір мезгілде өңделген бір атаулы бұйымдардың 1%, бірақ 5-6 бірілктен кем емес бөлігі бақылауға алынады.
Ластану индикациясы.
Қан іздерінің болуында 1 минутқа дейін, реактивтің ластанған бөлікпен қатынасынан соң, күлгін түс, лезде немесе бірнеше секунд ішінде қызғылт немесе сия көк түске ауысады.
Зерттелген құралдарда 1 минуттан кейін пайда болған түс өзгеруі есептелмейді. Азопирам гемоглобин өсімдік тектес перексидоз тотықтырғыштар /хлорамин, хлорлы әк, жуушы ұнтақ және басқалары/ сондай-ақ тотықтырғышпен қышқыл барлығын анықтайды.
Тек тексерілетін құрамдарда тотпен хлорлы тотықтырғыштардың барлығында сия көк түс байқалады, басқа жағдайларда қызғылт-ақшылт көк түсті болады.
Реакция ерекшелері.
Жұмыс ерітіндісі (азопирам су тотығымен) 1-2 сағат ішінде қолданылу керек. Көп тұрып қалса, ерітіндінің өзінен-өзі қызғыл түске боялуы мүмкін. Егер бұл түс жұмысқа кедергі жасаса, қызғылт ерітіндіні ауыстыру керек. Тексергеннен соң, нәтижесіне қарамай, азопирам қалдықтарынан, тексерілген құралдардан құтылу керек, сумен шайып немесе спиртпен, сумен суланған тампонмен сыртын, одан залалсыздандыру алдында өңдеуді қайталау.
Қауіпсіздік шаралары.
Азопирамды әзірлеу және дайындау реактивтердің ішінен тұз қышқылды анилин, перигидроль және этил спиртімен абайлап жұмыс істеу. Шашылған немесе төгілген реактивтерді жояды, олар болған орындарын жуады және спиртпен суланған тампонмен сүртеді. Азопирамның құрамында спирті бар, ол жанушы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет