Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет242/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   250
Байланысты:
4
kb.amu.kz 
1.Мәтінді жазудағы автордың мақсаты қандай? 
A)Бронхит ауруы туралы мәлімет беру 
B)Қылмыс жасамау жолдарын меңгерту 
C)Тыныс жолдары ауруымен ауыратын адамдар туралы айту 
D)Жағымсыз иістен арылу жолдарын үйрету 
E)Салауатты өмір салтын қалыптастыру 
2.Темекінің адам ағзасына зиянын автор қалай жеткізеді? 
A)Өзінің бастан кешірген жағдайы негізінде 
B)Жігіттің әңгімесі арқылы 


 
 
 
C)Үгіт-насихат жұмыстары арқылы 
D)Адамдардың ауыр тұрмысы арқылы 
E)Ғылыми дәлелдемелер арқылы 
3.Мәтіндегі негізгі ой нешінші бөлімде берілген? 
A)Алтыншы 
B)Бесінші 
C)Төртінші 
D)Жетінші 
E)Үшінші 
4.Мәтіннің 6-бөлімі бойынша дұрыс нұсқа. 
1.Темекі салдарынан бронхитке шалдығу қаупі бар. 
2.Никотинге құмарлықты бақылауда ұстауға болады. 
3.Мінез-құлық өзгермейді. 
A)Бірінші мен үшіншісі дұрыс 
B)Үшеуі де дұрыс 
C)Үшеуі де бұрыс 
D)Екіншісі дұрыс 
E)Біріншісі дұрыс 
5.Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A)Тұмау аяғы – құрт 
B)Жаман ауруға – жақсы ас 
C)Денсаулық – зор байлық 
D)Ауру кісі күлкі сүймес 
E)Ас – адамның арқауы 
6.Жігіт неге созылмалы өкпе ауруына шалдықты? 
A)Көңіл күйі болмағандықтан 
B)Шылым шеккендіктен 
C)Темекіні достарына үлестіргендіктен 
D)Никотин жетпегендіктен 
E)Денсаулығы нашар болғандықтан 
 
3.20-мәтін 
Фейсбук деген қызық қой. Әркім өз білгенін жазады. Жазғанына қарап өресін байқап 
отырасың.  Өткенде  бір  қыз  парақшасына  қара  қазанның  суретін  салып:  «Фууу,  қап-
қара қазан, қалай тамақ ішеді екен жұрт!» деп жазып қойыпты. 
Қарап отырып қаным басыма шапқаны-ай! Осының алдында ғана тағы бір қыз ауылға 
барғанын,  үйіліп  тұрған  тезекті  көргенін  айта  келіп,  «осымен  адамдар  еще  тамақ 
пісіреді»  деп  қойып  қалды.  Тамырынан  безген  деген  осы  шығар.  Қазанынан 
жиіркеніп,  тезегінен  безінгенін  айтсаңшы?!  Талай  шаңырақтың  жылуы  болған, 
асыңды алдыңа әкелген осы тезектің құдіреті емес пе еді?! Қара қазан талай қазақты 
аштықтан  аман  алып  қалды  емес  пе?!  Аштықты  айтпағанда,  жаугершілік  кезеңде 
талай  қазақты қырып салғанда, қазан астына жасырынып қанша бала тірі  қалып еді? 
Біз  солардың  ұрпақтары  емес  пе  едік?!  Енді  бүгін  ауылымызға  газ  келді  екен  деп 
кешегі  күнімізді  қалай  тез  ұмыта  қалдық  екен?!  Біз  тарихтан  сабақ  алуымыз  керек, 
сонда ғана мықты ұлт боламыз. Сол себепті, қазан туралы әңгімені біраз қазбалауды 
ұйғардым. 
Жазда ауылға бардым. Барған сайын туған-туысты аралап, марқұмдарға зиярат ету – 
әдетім. Сонда байқағаным, ауылдағы көне зираттарда төңкерілген қазан жатады. Бірі 
–  моланың  ішінде,  тағы  бірі  қабір  шұңқыры  үстінде.  Әжем  бұрын  мәйіт  басындағы 
төңкерілген  қазан  марқұмның  артында  тұяғы  қалмады,  оты  өшті  дегенді  білдіреді 
дейтін.  Иә,  артында  мирасқоры  қалмаған  соң,  қара  қазанын  басына  төңкеріп  кетеді 
екен.  Ата-әжелеріміздің  «Қазанды  төңкерме»  деп  ұрсатыны  бекер  емес  екен.  Бейіт 
басына  төңкерілген  қазан  нені  білдіреді?  Бұл  –  өте  үлкен  зерттеуді  қажет  ететін 
мәселе.  Сосын  біздің  кейбір  аймақтарда  қазан  орнында  шаңырақ  төңкеретіндер  де 
бар. Оның да мағынасы осындай - марқұмның шаңырағы күйреді, артында мирасқоры 
қалмады  дегенді  білдіреді.  Қазақ  не  айтса  да,  қалт  айтпаған  екен.  Бүкіл  ырым-
тыйымдардың  астарына  мұқият  мән  берсең,  дүниедегі  бар  қауіптен  сақтандырып 
кеткенін байқайсың. 
Рас, қазақтың қазанға қатысты ырымдары көп. Қазақ қызға ешқашан қазан бермеген. 
Қайтыс  болған  адамның  моласы  бұзылса,  түске  кіріп  мазаласа,  басына  қазан  апарып 


 
 
 
қойған.  Сол  сияқты,  қайтқан  кісінің  соңынан  тұқымдары  ауру-сырқаусыз,  белгісіз 
себептермен кете берсе, құран оқытып, басына қазан төңкерткен. Біздің елде қазанға 
қатысты  тағы  бір  ырым  бар.  Суға  батып  кеткен  адамды  қазан  арқылы  табады.  Адам 
суға  кетсе,  үйіндегі  қазанын  төңкеріп суға  жібереді.  Мына  ғажапты  қараңызшы,  әлгі 
қазан адам батқан жерді айнала жүзіп тұрады. Бала кезде мұндайдың талайын көріп, 
таңғалғанбыз. 
1.Автордың «Тамырынан безінген» деп кейюінің мәні 
A)Тума-туысын білмегендігіне. 
B)Ұлттық тағамды ұнатпағандығына. 
C)Жеті атасын білмегендігіне. 
D)Үлкендердің сөзіне құлақ аспауына. 
E)Ұлттық дәстүр мен тарихты білмейтіндігіне. 
2.Автордың бала кезінде үлкендердің «Қазанды төңкерме!» деп ұрысуының себебі 
A)Ішіне су толтырылмағандықтан 
B)Тентектік жасағандықтан 
C)Қазан қолды болады деп есептегендіктен 
D)Жасауға қосатын болғандықтан 
E)Жаман ырым болып саналғандықтан 
3.Автордың мақаланы жазуына себеп болған жағдай 
A)Желідегі жастар өресіне көңілі толмауы 
B)Жазда елге баруы. 
C)Тарих ғылымымен айналысуы. 
D)Қазақ ырымдарын жіті сақтауы 
E)Аталған тақырып бойынша ғылыми еңбек жазуы.. 
4.Қазанға қатысты мәтінде жоқ ырымды табыңыз. 
A)Суға кеткен адамның қазанын суға жібереді. 
B)Қазақ қыз жасауына қазан бермеген. 
C)Қазанды бос қайтармау керек. 
D)Қайтыс болған адам түске кіріп мазаласа, бейітіне қазан қойған. 
E)Қайтқан кісінің соңынан ұрпағы себепсіз кете берсе, басына қазан төңкерген. 
5.Мәтінге сай емес тұжырым 
A)Біз тарихтан сабақ алуымыз керек. 
B)Марқұмдарға зиярат ететін әдетім. 
C)Тезек талай шаңырақтың жылуы болған. 
D)Қазан қыз жасауына жатады 
E)Жау шапқанда талай бала қазан астына тығылған. 
6.Қазанның ескі бейіт басында төңкерілу себебі 
A)Қайтыс болған адамның ұрпағының жоқтығын білдіреді. 
B)Қайтыс болған адамның артында тұяғы бар екендігін білдіреді. 
C)Қазақтың барлық жерлеу рәсіміне қатысты. 
D)Қайтыс болған адамның дәрежесін көрсетеді. 
E)Әр рудың жерлеу салтына байланысты. 
 
3.21-мәтін 
Профессор  дәрісті  бастамас  бұрын  қолына  су  құйылған  шыны  ыдысты  алады.  Оны 
студенттердің барлығы көретіндей жоғары көтеріп: 
–  Бұл  ыдыстың  салмағы  қанша  деп  ойлайсыздар?  –  деп  сұрайды.  Аудитория  бірден 
жанданып, сыбырласа жөнеледі. 
– Шамамен 200 грамм. Жоқ, меніңше, 300 грамм. Мүмкін, 500 грамм шығар! – сынды 
жауаптар айтылады. 


 
 
 
–  Мен  оның  салмағын  өлшеп  көрмейінше,  жауабын  айта  алмаймын.  Бірақ,  мәселе 
мұнда емес. Оны бірнеше минут бойы қолымда ұстап тұруымда. Қалай ойлайсыздар? 
Оны аз уақыт ұстап тұрсам не болады? 
– Ешнәрсе болмайды! 
– Расымен де, ешнәрсе болмайды. Ал қолымды алға созып, осы ыдысты 2 сағат бойы 
ұстап тұрсам не болады? 
– Сіздің қолыңыз ауыра бастайды. 
– Күні бойы ұстап тұрсам ше? 
– Қолыңыз жансызданып, бұлшық етіңіз ауырады. Тіпті ауруханаға баруыңыз мүмкін. 
– Мен оны күні бойы ұстап тұрсам, салмағы өзгере ме? 
– Жоқ, – деп жауап қайтарған студенттер абыржып қалады. 
– Мұны қалай реттеуге болады? 
– Жай ғана үстелдің үстіне қойыңыз, – деп студенттердің бірі күлімсіреді. 
Профессор  студенттің  бұл  жауабына  қатты  қуанды.  Өмірдің  қиындықтары  да  осы 
сияқты.  Қиындық  туралы  ойлай  беретін  болсаңыздар,  олар  міндетті  түрде 
жаныңыздан  табылады.  Ол  туралы  бірнеше  сағат  бойы  ойлай  беретін  болсаңыз, 
өзіңізді жегідей жеп жібересіз. Ал күні бойы ойласаңыз, жансызданып қаласыз. 
Қиындықтар  туралы  ойлауға  болады.  Бірақ,  оның  еш  пайдасы  жоқ.  Ойлағаннан 
салмағы  азаймайды  да.  Қиындықты  тек  әрекет  арқылы  жеңуге  болады.  Оны  шешіп, 
шетке ысырыңыз. 
Жансыздандыратын ауыр жүкті мойныңызға артудың қажеті жоқ. 
1.Мәтіннің стилі қандай? 
A)Ресми іс-қағаздар 
B)Ғылыми 
C)Көркем әдебиет 
D)Ғылыми-көпшілік 
E)Ауызекі сөйлеу 
2.1 тәуліктің қанша уақытын суды көтеруге арнаса, қол ауыра бастайды? 
A)Үштен бірін 
B)Он екіден бірін 
C)Сегізден бірін 
D)Алтыдан бірін 
E)Төрттен бірін 
3.Профессордың екінші сұрағы неге байланысты қойылды? 
A)Мөлшерге 
B)Салмаққа 
C)Уақытқа 
D)Көлемге 
E)Межеге 
4.Профессордың қолындағы ыдыс, ол - 
A)Пайда 
B)Қиындық 
C)Өмір 
D)Шешім 
E)Жауап 
5.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A)Қиындықтан алшақ жүруге үйрету 
B)Шыдамдылыққа шақыру 
C)Тапқыр бола білуге шақыру 
D)Білімге күш тарлығын ояту 
E)Ауыртпалықты жеңе білуге шақыру 
6.Мәтін қандай үлгіде жазылған? 
A)Эссе 
B)Әңгіме 
C)Мақала 
D)Хикаят 
E)Ой толғау 
 
3.22-мәтін 
Менің  әкем  алғанына  емес,  біреуге  бергеніне  қуанатын  адам  еді.  Күзгі  жеміс  жинау 
кезеңі  әкемнің  өміріндегі  ең  бақытты  күндері  болатын.  Мәуе  төккен  күзгі  ағаштар 
түбінде  асығыс-үсігіс  жеміс  жинап  жатқан  балаларға  мейірлене  ұзақ  қарап,  іштей 
елжіреп,  нұрланып,  рухтанып,  тіпті  көрер  көзге  кәдімгідей  жасарып  кететін  еді. 
Маған  әкем  өзінің  өмірін,  күш-қуатын,  қабілетін  осы  минуттар  үшін,  яғни 
адамдардың өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп 
көрінетін. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  ауылда  ер  адамдар  саусақпен  санарлықтай  ғана  еді. 
Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки тандыры бұзылып қалса да, 


 
 
 
есік-терезесі қирап немесе құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. 
Өз  үйіміздегі  қыруар  шаруалар  басымыздан  асып  жатса  да  әкем  көмек  сұрап 
келгендерге «жоқ» демейтін. 
Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдем сұрап келген адамға ілесіп, үн-
түнсіз үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. 
Ең  бастысы  әкем  өз  еңбегі  үшін  әлгі  адамдардан  көк  тиын  да  алмайтын.  «Еңбегіңіз 
ғой, алыңыз» деп қоймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің 
осы  мінезін  жақсы  білетін  ауылдастары  мұндайда:  «Бізден  қайтпаса,  құдайдан 
қайтсын»  дегеннен  басқа  сөз  айтпайтын.  Әкем  осы  бір  ауыз  сөздің  өзіне  қатты  риза 
болып қалатын. 
Бір  жолы  әкем  үйге  өте  кеш  келді.  Күйеуі  соғыстан  қайтпай,  жесір  қалған  бір  көп 
балалы  әйел  бар  еді.  Сол  үйдің  шатырын  жөндепті.  Дәл  сол  күні  көрші  ауылда 
тұратын  ағам  мен  жеңгем  қонаққа  келген  еді.  Ағам  сол  жолы  әкемізге  зіл  тастап 
сөйледі: 
–  Өз  шатырымыздан  су  сорғалап  тұрғанда,  өзгенің  шатырын  жамап-жасқап 
жүргеніңіз  қалай?  –  деді.  Әкем  оған  ренжіген  жоқ.  Қайта  қарқылдап  күліп  алды  да, 
ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап берді: 
–  Әрқайсымыз  тек  өзіміз  үшін  ғана  тырбанып  бақсақ,  онда  анау  өзі  үшін  жайылып 
жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ? 
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей 
маған күлімсірей қарады. 
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп 
аталатын пәннен мықтан дәріс берін кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде 
ауылдастарым  бір-біріне  қарасып,  жең  ұшынан  жалғасып  келеді.  Қартайып  қалған 
көршісінің  тозығы  жеткен  шатырын  жөндеп,  сынған  терезесін  салып  беретін 
қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен. 
1.Мәтіннің негізгі ойы қандай? 
A)Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату 
B)Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету 
C)Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы 
D)Әкесіне деген өкпесін жеткізу 
E)Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені турлы айту 
2.Мәтінде суреттелетін кезең 
A)Соғыстың алғашқы жылдары 
B)Соғысқа дейінгі жылдар 
C)Соғыстан кейінгі жылдар 
D)Жеңіс қарсаңындағы жағдай 
E)Соғыс кезіндегі жағдай 
3.Ағасының зілді сөзіне қайтарған жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін 
көрсетеді? 
A)Бірсөзділігін 
B)Сабырсыздығын 
C)Кеңпейілдігін 
D)Өзімшілдігін 
E)Қырсықтығын 
4.Жеңгесінің әрекетінен оның қандай ойын аңғарамыз 
A)Мән-жайға немқұрайлылығын 
B)Күйеуінің сөзін қолдамайтынын 
C)Күйеуінің сөзімен келісетіндігін 
D)Жағдайды түсінбегендігін 
E)Інісінің сөзін қолдамайтынын 
 
5.Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын? 
A)Көршілері 
B)Шешесі 
C)Ауыл адамдары 
D)Жеңгесі 
E)Ағасы 
6.Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі 
A)Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған 
B)Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған 


 
 
 
C)Әкесі тек өз үйінің қамын ойлаған 
D)Әкесі өзінен гөрі басқалардың қамын көбірек ойлаған 
E)Әкесінің мінезі ауыр болған 
 
3.23-мәтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет