Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет157/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   250
2-мәтін 
 
Әйгілі жазушы Г. Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», - 
деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден 
айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге кабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды. 
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген 
қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес: 
1)  Үзбей  жаттығу.  Атақты  неміс  археологы  Генрих  ІІІлиман  үнемі  жаттығуының  арқасында 
күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде 
үйренген. 
2)  Алдымен  негізгі  тілдерді,  ал  содан  кейін  сол  тілдерге  жақын  тілдерді  үйрену  қажет  екен. 
Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады. 
3) Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу 
керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын 
адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз. 
4)  Музыканы  көбірек  тыңдап,  есту  қабілетіңізді  дамыта  беріңіз.  Өйткені  ол  шетел  тілін 
үйренуде жақсы көмекші. 
Олай  болса,  достар,  полиглот  болғыларың  келсе,  тек  алға  ұмтылыңдар!  Антик 
философтарының  «тілді  бесіктегі  деміңнен  соңғы  деміңе  дейін  үйренсең  де  аз»  дегенін 
ұмытпайық! 
 
3. Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренугс негіз болатын басты әрекет 
A) Тілдердің ұқсастығы                      D) Күн сайынғы жаттығу 
B) Музыка тыңдау                               E) Қорқынышты жеңе білу 
C) Адамның жеке қабілеті 
4. Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр? 
A) Басқа пәле - тілден. 
B) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 
C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 
D) Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді. 
E) Тіл қаруы сөз, сөз қаруы - ой. 
5.  Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады? 
A) Әдемі сөйлеу арқылы                              D) Ән шырқау арқылы 
B) Әуезді саз тыидау арқылы                       E) Музыка жазу арқылы 
C) Көп әңгімелесу аркылы 
6. «Полиглот» деп кімдерді айтамыз? 
А) Жазушылық қабілеті бар адамдарды  
В) Екі тілді меңгерген адамдарды 
С) Он щақты тіл меңгергендерді 
D) Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды 
Е) Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет