Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Көптеген дәрілік өсімдіктердің медицина тұрғысынан өз бағасын әлі



Pdf көрінісі
бет53/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   250
6.Көптеген дәрілік өсімдіктердің медицина тұрғысынан өз бағасын әлі 
алмауының себебі 
A.
 
Қауіпті болғандықтан 
B.
 
Толық зерттелмегендіктен 
C.
 
Өңдеу жолы болмағандықтан 
D.
 
Қолданыста болмағандықтан  
E.
 
Құрамы улы болғандықтан 
3-мәтін 
1.Іленің төменгі жағында осындай бір соны қорық барын естіп құмартып 
келгенбіз. Шын екен. Өзеннің ортасында қалған үш арал. Екеуіне былтырдан 
бері адам аяғы тимеген, тұнып тұр. Қалың қара ағаш, шытырман жиде мен 
жыңғыл. Белуардан келетін қорық көк өлең. Үшінші арал үйір-үйір жыңғыл, 
шеңгел екен, аппақ құм қырқаланып жатыр. Дәл ортасында жалғыз өскен жуан 
тораңғы көрінеді. 
2.Таңертеңгі бір шарлауда сонша көп қырғауыл атып, енді демалуға біз сол 
үшінші аралға келе жатырмыз. Шын аңшы аң көп кездескен жерден алыстап 
кетіп демалу керек. Біз де соны істеп, қырғауылы көп екі аралдан қашықтап 
барамыз. 
3.Тамыз айының аяқ шені болса да, күн әлі ыстық. Су да жылы. Үшінші аралға 
ауысу үшін қырға шықпай-ақ су кешіп келеміз. Үшеуіміз де орта бойлының о жақ 
бұ жағында болсақ керек, арқамыздағы қырғауылдың қызылды-жасылды 
құлпырған құйрықтары суға жүзіп келеді. 
4.Жыңғыл шыршасының азғана селдіреген жерінен жел жағымыздағы суға 
жақындап келіп тоқтаған үш қарақұйрық көрінеді. Екі лағын ертіп келген ана 
киік елең қағып, елгезек тұр. Қауіп барын сезінгендей селк етіп қалады. Ал, екі 
лағында табиғи сергектік, ата жөнелуге әзір тұрғандық бар. Сонымен бірге 
анасына сенген балалық, балаға лайық ойнақылық бар. 
5.Екі лақтың бірі суға тізесінен ғана түсіп, суды бір ұрттады да басын көтеріп, 
тамсанып айналасына қарады. Дала аңының сақтығын, лақтың сақтығын істеп 
тұр. Лақ байғұс басын суға қайта еңкейге бергенде, бір бүйірінен арс етіп қалып, 
суға атылып түскен көкжал арлан қасқырды көрдік. Ана киік қасындағы 
лағымен бірге жалт бұрылып, орғып-қарғып қыр асып кетті. Суда қалған лақ аз-
ақ бас салмаған қасқырдан ыршып, біздің аралға қарай қашып келеді. Орғып-
атқылап, секіріп ыршып, ұшып келеді. Суға лақтан гөрі салмақтырақ батып, 
қасқыр да қалмай келеді. Біздің екі жігіт мылтықтарын қолдарына алды. 
- Қасқырды, қасқырды! - десіп, ысылдасып қалдық... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет