Механика. ДӘріс №1. ҚОЗҒалыстың салыстырмалылығЫ. Материялық НҮктенің ТҮзу сызықты және шеңбер бойымен қОЗҒалысы



бет1/9
Дата07.02.2022
өлшемі360,01 Kb.
#91014
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жалпы физика 1 лекция


МЕХАНИКА.
ДӘРІС №1. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ. МАТЕРИЯЛЫҚ НҮКТЕНІҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ЖӘНЕ ШЕҢБЕР БОЙЫМЕН ҚОЗҒАЛЫСЫ.
Жоспар:

  1. Механикалық қозғалыс. Санақ жүйесі.

  2. Жылдамдық пен үдеу векторлары.

  3. Қозғалыстың тәуелсіздік принципі.

  4. Тангенсаль және нормаль үдеу.

  5. Бір қалыпты және бір қалыпты айнымалы түзу сызықты қозғалыстар.

  6. Материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы.

  7. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Бұрыштық үдеу.

  8. Сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланысты тағайындау.



Кіріспе
Физика – табиғат заңдарын зерттейтін негізгі жаратылыстану ғылымдарының бірі.
Физика материяның қозғалысын және оған сәйкес келетiн жалпы да ортақ заңдылықтарды зерттейтiн ғылым. Табиғаттағы әрбiр нәрсе материя, олай болса, ол кеңiстiк пен уақыт бойынша үнемi қозғалыста болады. Табиғатта материя екi түрде өмiр сүредi: зат және материя.
Зат-материяның атомдардан, молекулалардан немесе жалпы айтқанда, тыныштық массасы бар құрылымдық бөлшектерден тұратын материяның бір түрі. Материяның зат түрiне - электрондар, протондар, атомдар, молекулалар және осы бөлшектерден тұратын барлық заттар жатады.
Өріс-зат бөлшектерінің арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамассыз ететін материяның түрі. Материяның өрiс түрiне - гравитациялық (тартылыс), электр, магнит және т.б. өрiстер жатады.
Жалпы физика курсы мынадай бөлiмдерден тұрады: 1 Механика; 2 Молекулалық физика және термодинамика; 3 Электр және магнетизм; 4 Оптика; 5 Атом және ядро физикасы.

Физикада және техникада халықаралық бiрлiктер жүйесi (СИ) қолданылады. СИ жүйесiнде 7 негiзгi бiрлiк және 2 қосымша бiрлiк бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет