Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім



бет94/135
Дата20.02.2020
өлшемі5,4 Mb.
#58435
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135

Ньютонның І заңы. Кез келген дене өзінің тыныштықтағы қалпын немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әрекеті оны осы күйінен шығарғанша сақтайды. Денелердің алғашқы қалпын (тыныштық күйін немесе бірқалыптылығын) сақтау қабілеті инерттілік деп аталады. Инерттіліктің өлшемі скаляр шама - ол дененің массасы.

Денелердің бір-біріне әсер етуінің өлшемі болып – күш шамасы алынады. Күш - әсер ету бағытымен бағыттас болатын вектор.



Ньютонның ІІ заңы. Күштің әсерінен дененің алатын үдеуі сол күшке тура пропорционал, ал дененің массасына кері пропорционал.
(12)

Егер денеге бір мезгілде бірнеше тәуелсіз күштер әсер ететін болса, онда тәуелсіздік принципі бойынша Ньютонның 2-ші заңындағы күш олардың геометриялық қосындысына тең болады


(13)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет