Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім



бет124/135
Дата20.02.2020
өлшемі5,4 Mb.
#58435
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   135

1 Гироскоп



Гироскоп деп кеңістікте осінің қалпын өзгерте алатын, жылдам айналатын, симметриялы қатты денені айтады. Ілгек орталығы деп аталатын, қозғалмайтын әлдебір О нүктесінің айналасында кез келген бағытта бұрылыс жасай алатындай етіп бекітілген гироскоп үш еркіндік дәрежеге ие болады (3 сурет).



4 сурет
Егер гироскоптың массалар орталығы (ауырлық орталығы) ілгек орталығымен сәйкес келсе, онда гироскоп теңгерілген деп аталады. Осы жағдайда ілгек орталығына қатысты гироскоптың барлық бөліктерінің ауырлық күштерінің қорытқы моменті нолге тең болады, яғни теңгерілген гироскоп тұйық жүйе болып табылады. Оған импульс моментінің сақталу заңы орындалады өйткені
(4)
Осыдан гироскоптың бірінші қасиеті шығады: оның осі әлемдік кеңістікте хабарланған бастапқы бағытын (себебі импульс моменті айналу осі бойымен бағытталған) сақтауға тырысады. Мысалы, бастапқыда ол қандай да бір жұлдызға бағытталған болса, онда гироскопты кез келген орынға ауыстырған кезде де ол жермен байланысқан остерге қатысты бағдарын өзгерте отырып, сол жұлдызға қарай бағытын сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет