Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім


Толық механикалық энергияның сақталу заңы



бет70/135
Дата20.02.2020
өлшемі5,4 Mb.
#58435
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135

Толық механикалық энергияның сақталу заңы: денелердің тұйық жүйелерінің арасында тек консервативті күштер ғана әсер етсе , бұл жүйенің толық механикалық энергиясы өзгермейді. Толық механикалық энергия – механикалық қозғалыстың және өзара әсерлесудің энергиясы, ол кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысынан тұрады.
(3)

Энергияның сақталу заңы уақыттың біртектілігімен байланысты.



Дененің кинетикалық энергиясы деп – механикалық қозғалыстың энергиясын айтады. Ал ол денені қозғалысқа келтіру үшін жасалынатын жұмыспен анықталынады.
(4)
мұндағы -дененің жылдамдығы.

Жүйенің потенциалдық энергиясы денелердің өзара орналасуымен және олардың арасындағы өзара әсерлесу сипатымен анықталады. Күштердің өзара әсерлесуі нәтижесінде істелінетін жұмыс дене орын ауыстырғандағы траекторияның формасына тәуелсіз болады да, бұл жұмыс бастапқы және соңғы қалыпқа тәуелді болады, мұндай өріс потенциалды деп аталады да, күш консервативті деп аталады (мысалы, тартылыс күші).

Егер күш арқылы істелінген жұмыс дененің бір нүктеден екінші нүктеге қозғалған кездегі траекториясына тәуелді болса, күш диссипативті деп аталынады (мысалы, үйкеліс күші).

Физикалық есептерді шығарған кезде энергияның және импульстің сақталу заңдарын қолдануда мысал ретінде соқтығысу, яғни қысқа уақыт арасындағы абсолют серпімді және серпімсіз денелердің өзара әсерлесуін қарастыруға болады. Денелер соқтығысқан кезде ішкі күш пайда болатындықтан, сыртқы күшті елемеуге де болады. Бұл соқтығысатын денелерді тұйық жүйе ретінде қарастыруға болады және оған сақталу заңын қолданады.

Біздің жұмыста тек абсолют серпімді және серпімсіз орталық соқтығысулар қарастырылады.

Абсолют серпімді соқтығысу деп біріне бірі соқтығысқан екі дененің серпімді деформацияға ұшырауын, яғни серпімді күштің салдарынан денелердің бастапқы күйіне қайтып келуін айтамыз.

Абсолют серпімсіз соқтығысу деп соқтығысқан екі дененің кинетикалық энергиясының біртіндеп немесе толығымен ішкі энергияға айналуын, яғни серпімсіз деформациялануын айтады.

Серпімсіз соқтығысу нәтижесінде механикалық энергия жойылады да, серпімсіз өзара әсерлескен денелердің соқтығысу импульсі өзгермейді.


Зертханалық қондырғы және өлшеу әдістері
Қондырғы ілінген шарлар түріндегі екі маятниктен тұрады

(1 сурет).



16.1 сурет



Массасы шар оң жақта электромагнитпен ұсталып тұрады. Жіберген кезде ол тыныштықта тұрған шармен соқтығысады. Бірінші соқтығысудан кейін шарлардың және ауытқу бұрыштарын шкала бойынша санаймыз. Шарлардың соқтығысуға дейінгі , және соқтығысудан кейінгі , жылдамдықтарын шар қозғалысын бастаған және екі шардың соғылуынан кейінгі көтерілген және биіктіктерін біле отырып есептеуге болады. Кедергі күшін игеруге жұмсалған энергияны есептемей, энергияның сақталу заңынан мынаны аламыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет