Жуықтап есептеу әдістері
Өлшеулерді орындай отырып олардың дәлдігі аспаптардың дәлдігіне жақындатуға ұмтылу керек. Өлшеулер нәтижелеріне математикалық өңдеу жасағанда, тура өлшеулердің дәлдігімен көрсетілген дәлдікке дейін есептеудің ешқандай мағынасы жоқ.
сандарды дөңгелектеу ережесі
жуықтап алынған сандарды қосқанда немесе бір-бірінен алғанда қай санда ең аз ондық таңба бар, соншама ондық таңбасын нәтижеде сақтау керек
жуықтап алынған сандарды көбейткенде, бөлгенде, дәрежеге шығарғанда, түбір алғанда, логарифмдегенде нәтижесін осы сандардың үтірден кейінгі цифрлер (нөлден басқа цифрлер) саны ең аз сан бойынша алынады
кестелік шамаларды дәл өлшенбеген шамадан бір цифрге артық болатындай дөңгелектеу керек. Сонымен қатар олардың қателіктерін ескермеуге болады. Мысалы, дөңгелектің , … болсын.
Диаметрді микрометрмен өлшегенде мынадай нәтиже алынды: D=20,51 мм (төрт мәнді цифрлер). бұл жағдайда бес мәнді цифрге дейін дөңгелектейді ().
Өлшеулердің абсолют қателіктеліктерінде бір мәнді цифрлер қалдырады. Шамаларды өлшегенде алынған нәтижені абсолют қателікте бар болатын ретке дейін дөңгелектейді
(14)
(15)
(16)
Аралық нәтижелерді есептегенде жоғарыда көрсетілген цифрлерден бір цифрге артық алу керек. Соңғы нәтижені жазғанда сол цифрді алып тастайды.
Жоғарыда көрсетілген ережелер эксперименттік есептерді уақытты үнемдеуге және ең тиімді нәтижені алуда көп көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |