Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Жалпы және теориялық физика кафедрасы
МЕХАНИКА
Зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар
1 бөлім
Павлодар
УДК 531(07)
ББК 22.2я7
М 55
С. Торайѓыров атындаѓы ПМУ ѓылыми кењесі ±сынѓан
Рецензент:
Физика, математика ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Биболов Ш.К.
Құрастырушылар: Маралбаева М.Б., Досумбеков К.Р., Искакова А.Б.
М55 Механика: зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар. Б. 1. – Павлодар, 2006. – 32 б.
Методикалық нұсқауда «Физика» пєні бойынша зертханалыќ ж±мыстарды орындауѓа ±сыныстар келтіріледі, ж±мыстыњ маќсаттары кµрсетілген.
Методикалық нұсқау техникалыќ жєне технология мамандыќтары мен оларды дайындау баѓытыныњ типтік оќу баѓдарламасына негізделіп жасалынѓан. Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігініњ №541 б±йрыѓымен 2002 ж. 10 шілдесінен бекітіліп, іске асырылды.
УДК 531(07)
ББК 22.2я7
© Маралбаева М.Б., Досумбеков К.Р., Искакова А.Б., 2006
© С. Торайѓыров атындаѓы Павлодар Мемлекеттік Университеті, 2006
Кіріспе
Методикалық нұсқауда жалпы физика курсының «Механика» бөлімі бойынша ЖОО-ң физика-математика, инженерлі-техникалық және жаратылыстану-ғылымдары мамандықтары бойынша оқитын студенттерге зертханалық сабақтарды дайындауы үшін арналған. Методикалық нұсқау студенттерді физикалық аспаптармен тереңірек танысуы, сонымен қатар нақты өлшеулердің негізгі әдістерін игеруіне көмектеседі. Бұл оқулыққа 10 зертханалық жұмыс енгізілген, олардың әрқайсысы қысқаша теориялық кіріспеден, зертханалық қондырғылардың схемаларынан, өлшеулерді жүргізу әдістерінен тұрады. Зертханалық жұмыстардың сипаттамасынан кейін қажет әдебиеттер тізімі келтірілген.
Осы оқу құралын пайдалану студенттердің «Физика» пәні бойынша білім деңгейін, сонымен қоса әдістемелік жабдықтау мен зертханалық сабақтарды жақсартуда көп көмегін тигізеді.
№10 Зертханалық жұмыс.Өлшеулер нәтижелерінің кейбір әдістері
Кіріспе
Физика курсын оқығанда зертханалық жұмысты нақты есептерді эксперименттік түрде шешу үшін физика заңдарын қолдануѓа үйрену;
құрылғының және аспаптардың жұмыс істеу принциптерін зерттеу;
өлшеулер нәтижелерін өңдеу мен оларды талдауға үйрену;
физикалық эксперименттің негізгі техникаларын игеру үшін орындайды.
Әрбір зертханалық жұмыс физикалық шамаларды өлшеуге байланысты. Физикалық шамаларды өлшеу бірлік ретінде алынған басқа немесе біртекті шамалармен салыстырумен байланысты.
Өлшеулер тура және жанама болып екіге бөлінеді.
Тура өлшеулер – бұл ізделінді шаманы бірлік ретінде алынған шамамен тікелей салыстыру процесі. Мысалы, ұзындықты штангенциркульмен, температураны – термометрмен өлшеу және т.б.
Жанама өлшеулер - бұл тура өлшеулер барысында алынған мәндерге математикалық операциялар қолдану нәтижесінде ізделінді шаманы алу. Мысалы, цилиндрдің көлемін
(1)
цилиндрлік өткізгіштің кедергісін
(2)
формулалары арқылы есептеу.
Өлшеулерді жүргізе отырып, біз ізделінді шаманың нақты мәнін ала алмаймыз, өйткені абсолютті нақты құралдар мен өлшеулер әдістері жоқ. Физикалық шамалардың кез келген өлшеулері ізделінді шаманың ең ықтимал мәні бар болатын интервалды ғана беруі мүмкін. Осы интервал сенімділік интервалы деп аталады. Сенімділік интервалы – бұл ізделінді шаманың ең ықтимал шын мәні бар болатын сандық өстегі кесінді.
Өлшеулердің дәлдігін бағалаудың қажет екендігін келесі мысал арқылы көрсетуге болады: айталық катушканың кедергісі температураѓа тәуелді ме, жоқ па екендігін тексерейік. Өлшеулер келесі нәтижені берді
Ом
Достарыңызбен бөлісу: |