МЕханикалық тербелістер физика Механикалық тербелістер Механикалық тербеліс – дененің бірдей уақыт аралығында дәлме дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы. Тербелмелі қозғалыс пайда болуы үшін қажетті шарттар: • Денені тепе теңдік қалпынан шығарған кезде бастапқы қалпына қайтаратын күштің болуы. • Үйкелістің аз болуы керек. Дененің тепе теңдік күйден ауытқуы ығысу деп аталады. Амплитуда – тербелетін бөлшектің тепе теңдік қалпынан ең үлкен ауытқуы. Период – толық бір тербеліс жасауға кеткен уақыт. Тербелістің сипаттамалары Тербеліп тұрған нүктенің ығысуына пропорционал және осы ығысуға қарама-қарсы бағытталған күштер әсерінен туындайтын тербелістер гармоникалық болып табылады. F=-kx Гармоникалық тербеліс – синус немесе косинус заңы бойынша өтетін тербелістер. Тербелістің сипаттамалары Жиілік – бірлік уақыт ішінде жасаған тербеліс саны. (Жиілік – периодқа кері шама.) Жүйенің еркін тербелісінің жиілігін меншікті жиілік дейді. Циклдің жиілік - 2π секундтағы тербеліс саны. Тербеліс графигі Тербеліс фазасы Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |