1. Пәннің сипаттамасы "Ботаника" пәні 6В01502-Биология білім беру бағдарламасының жалпы биологиялық пәндері модулінің бір бөлігі болып табылады. Курс студенттерде өсімдіктердің алуан түрлілігі, олардың жіктелуі, филогениясы, эволюцияның ықтимал жолдары, әртүрлілігі және жүйелілігі туралы түсініктерді қалыптастырады. Төменгі, жоғары өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың негізгі топтары, олардың белгілері, таралуы, өсімдіктердің белгілі бір түрлеріне ұштасуы туралы білім жүйесін құрады. Курс өмір сүру жағдайларына бейімделу ерекшеліктерімен вегетативтік органдар құрылымының ерекшелігін көрсетеді.