240
тұрғыда, ауыр салмақты малдарға және олардың ұрпақтарына жоғары өсу қарқындылығы
мен азықты өніммен өтеу қабілеті тән екені белгілі.
«АКА» ЖШС-дегі аталық бұқалардың 2,3 және 4 жастарында орташа тірілей салмағы
бойынша бонитировка класының жоғары талаптарының 68,7-23,0 кг немесе 12,2 –
2,4%-ға жоғары. 2019 жылғы өндірістік мәліметтер бойынша 4 жасар 2 асыл тұқымды
бұқалардың орташа тірілей салмағы тиісінше 805,5 кг болды.
Бүгінде «АКА» ЖШС – дегі табыны құндылығы – мол өнімді аналық мал басының
болуымен сипатталады. Абердин-ангус тұқымының сиырлары, орта есеппен соңғы
жылдың көрсеткіштері бойынша 3 жаста 418,0 кг, 4 жаста 496,5 кг, ал 5 және одан жоғары
жаста 588,2 кг тірілей салмақ тартып, тұқым стандартының бірінші класс талаптарынан,
3 жаста - 8,1 кг немесе 2,3%, 4 жаста 26,0 кг немесе 6,0%, ал 5 жаста 78,6 кг немесе 16,2%
артып отыр. Бұл, шаруашылық малы табынында құндылығы мол өнімді аналық мал
басының болуымен сипатталады.
Төлдің өсімталдылығы малдың ет өнімділігіне үлкен әсерін тигізеді және етті ірі
қара шаруашылығында басты селекциялық белгі болып саналады. Шаруашылықтағы
абердин-ангус малының төлі ұзақ өсіп жетілгіштігімен, қарқынды өсіп, ауыр салмақ
қосуымен ерекшеленеді.
«АКА» ЖШС–де абердин-ангус тұқымының үшінші буын ұрпақтарының төлдері
табындағы төлдермен қарағанда бойшаңдығымен және тұрқының ұзындығымен және
қарқынды өсуімен ерекшеленді. Олар тәулігіне орташа алғанда 780-830 г салмақ қосып,
жастастарымен салыстырғанда өсу қарқыны біршама жоғары болды. Жаңа туған
төлдің салмағы 18-27 кг. Күтімі жақсы болса, күн сайын шамамен 1100-1200 г-ға дейін
салмақ қосады. 2019 жылы туылған үшінші генерация бойынша бұқашықтар 6, 12, 15
айлық жасындағы орташа тірілей салмағы сәйкесінше - 192,5; 309,2 және 393,4 кг, ал
қашарлардың бұл көрсеткіштері тиісінше – 170,1; 260,2 және 320,5 кг құрайды. Абердин-
ангус тұқымынъщ тиісті стандарт талабынан бұқашықтар 15,3-7,7 пайызға, ал қашарлар
14,3-3,5 пайызға басым келеді. Бұл шаруашылықтағы абердин-ангус тұқым малының
үшінші буын ұрпақтарының өсу қарқындылығының біршама жоғары екенін көрсетеді.
Бұқашықтардың ет өнімділігі жоғары сақа малдан кем емес. Бұны шаруашылықтағы
сойыс қасапханасында 15 айлық бұқашықтарды бақылау сойысының нәтижесі
айқындайды. «АКА» ЖШС-де 15 айлық жастағы бұқашықтарды бақылау сойысының
көрсеткіштерін анықтау үшін, алдымен олардың сояр алдындағы тірілей салмағы
анықталады. Мұнда сояр алдындағы ең жоғары тірілей салмақ абердин-ангуста 405,4
кг. Тана бұқаларды бақылау сойысында сойыс салмағы 212,6-223,2 кг тартып, сойыс
шығымының үлесі 55,28-56,81%, оның ішінде ұшаның шығымы 53,5-55,1%-ды құрады.
Барлық жас малдардың арқа мен бел бөліктері, сандары бұлшық етке толып болғанын
атап өту қажет.
Қорыта келе, «АКА» ЖШС жағдайында өсіріліп жатқан абердин-ангус малының
үшінші буын ұрпақтары да жергілікті жағдайға тез бейімделіп қарқынды өсуі мен
жоғары ет өнімділігімен байқалды. Осыған орай, етті ірі қара малын одан әрі дамыту
және солтүстік аймақтағы шаруашылықтарда сиыр етін өндіруді арттыру мақсатында
абердин-ангус тұқымының мамандандырылған ет малын пайдалану ұсынылады.
Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к., аға оқытушы М.Қ .Сәденова
Достарыңызбен бөлісу: