47
Тағлымадан өту аяқталысымен тағлымадан өтушінің басшысы сынақтан
өтушінің жалпы дайындық деңгейі,оның тағлымадан өту барысында алған
кәсіби білімдері мен іс жүзінде дағдылары көрсетілген қорытынды
жасайды.Қорытындыға тағлымадан өтушінің жетекшісі қол қояды.
Тағлымадан өту туралы қорытындыны тағлымадан өтуші біліктілік
емтиханын тапсыруға рұқсат беру үшін талап етілетін құжаттар тізбесінде
Біліктілік әділет алқасына береді.
Жоғары заңгерлік білімі бар, адвокаттық қызмет құқығына лицензия алуды
қалайтын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кемінде он жыл еңбек
стажы болса, сондай-ақ заң ғылымының кандидаттарына құқық қорғау
органдарында жұмыс істеу уақыты тағлымадан өту мерзіміне есептеліп,
лицензия жедел түрде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: