Байланысты: «мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла
Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді. Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.
Күндізгісағ.12-де зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.
18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.
Кешке зерттеу қарсаңында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.
Тәнертең зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.
Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертең жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.
Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ертіп апарыңыз.