«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу



бет118/254
Дата13.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#100027
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   254
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла

Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы – құлақтағы ауру сезімі және қабыну процесі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  4. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

  5. Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

  7. Құлақтан шыққан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

  8. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. Пластикалықфлакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

  9. Оң қолға тамызғышты ұстап, оған дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.

  10. Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа және жоғарықарай тартып, (сыртқы құлақ жолын түзету үшін) ал оң қолмен тамызғышты ұстап, 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні құлақ жолынатамызыңыз.

  11. Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

  12. Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыптаұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

  13. Қолғапты шешіңіз.

  14. Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

  15. Пайдаланған турундаларды, мақта шариктерінқолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

  16. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет