|
|
бет | 124/254 | Дата | 13.12.2021 | өлшемі | 0,49 Mb. | | #100027 |
| Байланысты: «мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла Әлеуметтану пр 5 презантация, Әлеуметтану пр 5 презантация, коууууууч, 00031f94-1ff4cfbc, ББЦ СРСП-1 Ерікқызы Мадина, 5 сынып әдебиет 3-тоқсан, «Ì?ë³ìåòòåð ?îðûíû? òåîðèÿñû» ï?í³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Ì?ë³ìåò, Ұстаздар -ұлы тұлғалар, СӨЖ 1Майлы таңғышты орындау
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, майды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы қалып алуынакөмектесіңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Залалсыздандырылған шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.
Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабаттап мақта қойыңыз.
Салфетканы маймен, дәке немесе түтікті бинтпен ораңыз.
Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|