«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу



бет206/254
Дата13.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#100027
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   254
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла

Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Дайындаңыз:қақпағы барбір рет қолданылатынконтейнерді, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнердің сыртына желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет (рационнан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

  2. Науқасқа түсіндіріңіз: нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.

  3. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кету, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір келу), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

  4. Егер де жауап дұрыс болса нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын нұсқау беріңіз:

  • 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

  • егер науқастың мұрнынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

  1. Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.

  2. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

  3. Үлкен дәретке отырған соң нәжістің қара әртүрлі учаскесінен 5-10 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабыңыз.

  4. Контейнерді ішіндегі нәжіспен лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.

  5. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  6. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет