«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


науқасты РекторомАноскопияға даЙЫНДАУ



бет219/254
Дата13.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#100027
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   254
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла

науқасты РекторомАноскопияға даЙЫНДАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх крушкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Ректороманоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.

  2. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.

  3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық крушка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған крушка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

  4. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

  5. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.

  6. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Ескерту:

  • ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыққа енгізіледі;

  • ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

  • егер де науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

  • науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет